Өлең, жыр, ақындар

Мектепте химияны жобалық оқыту технологиясын қолдану. Мәселелері мен болашағы

Ұлан Құндыз

Қазіргі білім берудің маңызды міндеттері жүйелі білімді, оқу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар оқу танымдық іс-әрекетте өзін-өзі басқару дағдылары мен коммуникативті дағдыларын дамыту болып табылады.

Соңғы жылдардағы Қазақстандаға білім беру жүйесінің өзгеруі мектеп жұмысының барлық жақтарына әсер етті.

Енгізіліп жатқан жеке тұлғаға бағытталған, индивидуалдылық білім беру тәсілдері мен оқытудағы білім беру үрдісіне оқытудың жаңа әдістерін, білім беру қызметін жүзеге асырудың балама нысандары мен тәсілдерін қолдануды, білім беру мекемелерінің білім беру контексіне білім алушылардың зерттеу және жобалау қызметі негізінде әдістер мен технологияларды енгізуді талап еттіп отыр.

Осы аталған талаптарға сәйкес келетін инновациялық педагогикалық технологиялардың бірі - әлемдік тәжірибеде жүзеге асырылып жатқан
жобалық оқыту немесе оқу жобаларын қолдана отырып оқыту.

Әр түрлі инновациялық технологиялар арасында жобалық оқытудың бірқатар артықшылықтары бар, өйткені ол оқушыға көптеген ақпарат көздерімен, құрылғылармен және зертханалық жабдықтармен жұмыс жасай отырып, өз бетінше (мұғалімнің консультациялық қолдауымен) білім алуға, сонымен бірге құрдастарымен қарым-қатынаста іскерлік пен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл "білім беру стандартымен анықталған оқыту мазмұнына әсер етпестен, оқу процесіне оңай ендіріледі..."

Жобалық оқыту дегеніміз - дәстүрлі оқыту мазмұннан айрықша түрімен, яғни жобалық мазмұнымен, оқушылардың белсенділігінің айрықша түрімен, яғни жобалық іс-әрекеттен, оқытудың айрықша нәтижесімен - жобалық қабілеттерді қалыптастырумен ерекшеленетін тұтас педагогикалық жүйе.

Мектептегі білім беруді модернизациялау, оның оқушының жеке басын дамытуға бағытталуын жүзеге асыру және осы процестерге ықпал ететін химияны жобалық оқытудың теориялық және практикалық дамымауы біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін анықтайды.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты: жалпы білім беретін мектептің орта сыныптарындағы химия сабақтарында жобалық қызметті
жүзеге асыру арқылы оқу процесіндегі тиімділіктер мен проблемаларды (қиындықтарды) анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін және гипотезаға сәйкес зерттеудің келесі міндеттері анықталды:

1. Жобалық оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау, оның қалыптасуы мен даму тарихын зерттеу үшін психологиялық-
педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау.

2. Мектептегі химиялық білім беру практикасындағы жобалық оқытудың жай-күйін зерттеу.

3. 8 сыныптарда химияны жобалық оқыту әдістемесінің моделін жасау.

4. Химияны жобалық оқытудың әзірленген моделін жалпы білім беретін мектептің орта сыныптарындағы химия сабақтарын жүргізуде қолдану;

5. Оның тиімділігін тексеру.

Гипотеза: Егер жобалық оқыту технологиясын химия сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, зерттеушілік іскерлігі мен білімі артады.

Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уалиханов атындағы No3 орта мекте-лицейі» КММ.

Зерттеу мерзімі: 2021-2022 оқу жылы.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептегі жобалау қызметі.

Қойылған міндеттерді шешу және гипотезаны тексеру үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды:

1. Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық және химиялық ғылыми-теориялық әдебиеттерді зерттеу және талдау;
2. Химия пәні мұғалімдерімен әңгімелесу;
3. Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын тәжірибе алдында және тәжірибе соңында анықтау.
4. Химия пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың қызметін бақылау;
5. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу;
6. Оқу сабақтары жүйесінде жобалық тапсырманың тәжірибелік-эксперименттік орындалуын талдау.

Эксперименттік зерттеудің әдебиеттік шолудан кейінгі кезеңінің мақсаты мектеп мұғалімдерінің химия сабақтарында жобалық оқытуды қаншалықты қолданатынын, мұғалімдердің жобалық оқытуға көзқарастары қандай екенін және оны жүзеге асыру формалары туралы ақпарат алу болды. Мұғалімдер жобалық қызметті сабақтарда қолдана ма, жоқ па екенін анықтау үшін және олар негізінен қандай іс-әрекеттерді қолданатынын анықтау үшін біз «Химия сабақтарында оқушылардың қандай іс-әрекеттерін ұйымдастырасыз?» деген сұрақ қойдық. Химия мұғалімдерінің бұл сұраққа жауаптарының нәтижелері. Бұл сауалнамаға №3, №15 қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уалиханов атындағы No3 орта мекте- лицейі» КММ химия пәні мұғалімімен жеке әңгімелесу жұмысын жүргіздік.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз