Өлең, жыр, ақындар

Асқар таудай әкелер!

Егер ұлыңыз ержігіт, қызыңыз ибалы болсын десеңіз, бала тәрбиесіне тікелей араласыңыз! «Бала тәрбиесі әйелдің ғана міндеті» деген жалған ойдан арылыңыз. Бала тәрбиесі бірінші кезекте әкенің міндеті. Балаларыңыздың болашағына, мінезі мен тәртібіне сіз жауаптысыз. Әйеліңіз өте тамаша жан болуы мүмкін, дегенмен ол әкенің орнын баса алмайды, Сіз беру керек болған тәрбиені бере алмайды.

Баланың өмірінде әке орны ерекше. Сол орынның үңірейіп бос қалуына жол бермеңіз! Ұлыңыз бен қызыңызға сізден асқан батыр, сізден асқан үлгі жоқ. Сіз олар үшін жалғызсыз. Оларды үлгісіз қалдырмаңыз.

Ұлыңыз өскенде жақсы отағасы болуды сізден үйренсе, қызыңыз болашақ жарын таңдауда сізді басты назарға алады. Олардың ертеңіне балта шаппаңыз.

Қолыңыздағы телефон, алдыңыздағы теледидар сіздің назарыңызға, қарауыңызға еш мұқтаж емес. Ал балаларыңыздың қалай өсіп кеткенін байқамай қаласыз. Сіз оларға қарамасаңыз ренжиді, жараланады, өздерін бақытсыз сезінеді. Сіз оларға керексіз!

Балаларыңыздың жаныңызда жүріп, өздерін әкесіз сезінуіне жол бермеңіз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз