Өлең, жыр, ақындар

Мұғалім - ең қадірлі мамандық

Шәкірт – менің мәртебем.
Мен – баспалдақ, мен арқылы
Шарықтасын ол аспандап!

Өмірде мұғалімдік мамандық иелері ерекше құрметпен аталады. Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып! Осынау әннің жыр жолдарында ақын барша адамдардың қолына алғаш қалам ұстатып білім мен тәрбие берген ұстаздарына мәңгі махаббатын, суымас ыстық ықыласын қалай сыйғыза білген десеңізші!

Шыныда, мұғалімдік мен үшін – ең ардақты ең құрметті мамандық. Менің өмірлік ұстазым өмірінің 40 жылын педагогика саласына жұмсаған, өнегесі мен тәрбиесі бізге тағылым болған өзімнің атам – Сауранбаев Балтабай Бәзілдәуітұлы. Бала кезімнен атамның ұлағатты ұстаздық жолын қуып, ізін жалғастаруды армандап, бүгінгі таңда ата жолын жалғастыруда өз білімімді жалғастырудамын. Мен үшін атамның ұстаздық жолын дәріптеп ұрпаққа ұран етіп қалдыру, мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын түсініп, оны ашу, жас ұрпақтың бойына саналы тәрбие, сапалы білім беріп өмірмен ұштастыру басты мақсатым. Атам география пәнін жетік меңгерген Совет одағына еңбегі сіңген, құрметті азамат, майталман маман болған. Оқушы кезімде маған арнап жазған өлең жолдарында атақты футболшылар: Д.Марадона, Пеле сынды  болуыма берген баталары қабыл болды десем артық емес.

Ата жолын қуып дене шынықтыру пәні мұғалімдік мамандықты таңдадым. Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы. Ғалым да, шахтер де, кенші де, тіпті бәрі де осы мұғалімнің сепкен дақылдарының дәні, жемісі деуге болады, ал мұғалім - білім беру саласының негізі, жаны және жүрегі деп ұғыну керек. Себебі, рухан бай, ізденімпаз адамгершілігі мол адамды қалыптастырушы, қазіргі заманда ақпараттандырушы дейміз. Ұстаз берген тәрбие мен білім әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болып, бағыт-бағдар болары анық.

Мен жақсы қасиеттерді бойыма сіңірген, жақсыдан тәлім-тәрбие үйренген бала жанын түсініп, өз пәнін сүйе білетін заман талабына сай жаңашыл мұғалім болу мақсатында қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогокалық университетінде 3 курсында  білім алып, шыңдалудамын. Ал, «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей менің білім беретін болашақ шәкірттерім - қалықтап ұшар қырандары мен ертеңгі елдің еңселі білімді ұрпақтары боларына сенемін. Қазіргі заман бөлек, талап терең, оқушыға берілетін білім де жаңаша, сан қырлы. Сондықтан, жаңашылдықтың дәуірін кешін жүрген оқушыны тәрбиелеуде жаға үрдіспен жүру мұғалімдерге жүктеліп отырған басты міндет. Менің ойымша кез-келген адам ұстаз бола алмайды, себебі ұстаздық өнер-тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп М.Әуезов айтқандай үнемі аянбай еңбекті талап етеді, өмірдің кірпішін дұрыс қалауды, дұрыс таңдауды үйретеді. Мен мамандығыммен мақтанамын. Ыбырай, Әл Фараби, Абай, Мұхтар сынды адамзаттың асылдары  негізін қалаған, барлық мамандықтың бұлақ көзін ашқан, мамандықтың падишасы-ұстаздық  мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін.

Қорытындлай келе мұғалім бақыты-білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. «Шәкіртсіз - ұстаз тұл» демекші оқушылар барда, мен де бармын. Менің мәртебем – шәкірт, ал мен баспалдақпын, демек шәкіртіммен бірге болашақтың ірге тасын қалап, оның  аспандап шарықтауына өз үлесімді аянбай қосамын, бұл менің ұстаздық ұстанымым.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз