Өлең, жыр, ақындар

Қазақ Совет драматургиясы

Жер жүзін қалтыратқан екінші дүние жүзілік соғыс елдің елдік қабілетін ғана емес, екі ұдай екі түрлі системасын да сынап берді. Сол сыннан сүрінбей өткен СССР бүгін тарихтың тың биік бір тұрғысына шығып тұр. Осы тұрғыдан бұрын көп дегеніміз аз, биік дегеніміз аласа көрінеді. Осы тұрғыдан көшпелі дүниенің аяқ алысын абайлап, партиямыз жаңадан алып жоспар жасады. Социалистік сана арпалысып алға апара жатыр. Әлеуметтік осы жағдай, бүгін драматургия мәселесін де жаңадан алға қойып отыр. Біз бүгін драматургиямыздың алды-артын бірдей шолып, табыстарымызды, кемшілігімізді жинақтай келе, ендігі жол, асар бел, дәуір артқан жүк — міне деп көрсете айтуымыз керек.

Сондықтан, мен пьесаларды тізімдеп, бас-басына талдаудан гөрі құшағым жеткенше қомақтай қамтып, оның, ішінде түйінді-түйінді мәселелерге тоқталамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз