Өлең, жыр, ақындар

Қалта телефонының бала денсаулығына зияны

Сагатбаева Алтын Гатауоллаевна.
БҚО Теректі ауданы Ақжайық ауылы.
Ақжайық ЖОББМ жанындағы интернат тəрбиешісі

Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес екені баршамызға мәлім. Қазір екі кісінің бірінде ұялы телефон бар десек қателеспейміз. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтар ұстаса, осы күні кішкентай балалардың да қалта телефоны бар. Технология мен техниканың қарыштап дамыған заманында өмірімізді ұялы телефонсыз елестету қиын. Сымсыз құрылғы  кез келген  уақытта бізді әлемнің кез келген нүктесімен байланыстыра алады. Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші екені рас. Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Ендеше, осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? деген ой туындайды.

Осыншама пайдалы, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар жеткізетін» ұялы телефонның да  қауіпті деп саналатын себептері бар екен. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың  саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады. Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі.

Көптеген ата аналар балаларының телефонды ұзақ уақыт пайдалануын қалыпты жағдай деп санайды. Себебі, өзі білмегенді баласы телефоннан тауып, айтып отырғанын мақтаныш көреді. «Бұлар бәрін іштен оқып туған. Бәрін өзі біліп алады. Мен соны білмеймін» деп мақтана айтады. Бірақ, бұл қателік екенін, ертеңгі күні баласы денсаулығын құртып қоймай, бар ерік- жігерін телефонға жұмсайтынын ойламайды. Кішкене балаларды тыныш отырсын, шаруамды жасап жатқанда кедергі келтірмесін деп аналар өздеріміз жастайынан телефонға үйретеміз.

Мойнын салбыратып ұзақ уақыт отыру бала өте зиян екенін, көзге де орасан зор салмақ түсетінін дәрігер айтпай - ақ , өзімізде білеміз. Ата - анамен, жақындарымен  әңгімелесіп, сырласу жайына қалып, жатбауырланып, өзгергенін байқаймыз. Сол кезде ғана алаңдаушылық танытамыз.

Мамандардың пайымдауынша, бес жасқа дейінгі балаларға ұялы телефон түгіл, теледидар да қарауға болмайды. Аталған кезеңде балалардың  дене мүшелері қарқынды дамитындықтан, оның кері әсері көп болады. Ұялы телефонмен көп әуестенген балада эмоционалды тұрақсыздық пайда болады. Яғни, ашуланып, тез ренжіп, айқайлап та кетуі мүмкін. Көз жанарының нашарлауы, ашушаңдық, семіздік, тіпті психикалық ауытқу - кішкентай ғана құрылғының зияны. Ұялы телефонды ұзақ уақыт пайдалану балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойын сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді.

Сондықтан, ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. Ол үшін мынадай қағидаларды сақтасаңыз болады:

1. Ұялы телефонға құлаққап жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз.

2. Телефонды қалтада, белдікте ұстамаңыз.

3. Телефонды қолда ұстап не  жастықтың астына салып ұйықтамаңыз.

4. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.

5. Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

6. Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды берер алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.

7. Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеңіз, өйткені бұл сәтте электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады  және өте көп тарайды.

8. Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеңіз, себебі өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды.

9. Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса, жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспаңыз, магниттік күші көбейеді.

10. Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минуттай сөйлесіңіз.

11. Ұйықтаған кезде 1,5 не 2 м алыс жерге қойыңыз.

12. Қалтадан бөлек, сөмкеде ұстаңыз немесе қалтаңыздан тастамайтын болсаңыз, қорғаныс қапшығына салып жүріңіз.

13. Телефонды төсегіңізге қойсаңыз, жүйке жүйеңізге  зиянды әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең толқындардың әсерінен басыңыз бен беліңіз ауыратын болады.

Ұялы телефонды қолдануды барынша шектеп, осындай қағидаларды сақтай отырып, өзіміз бен баламызды зиянды толқындар тудыратын кеселдерден қорғайық! Бала ата – анасының сөзінен ғана емес, іс-әрекетінен де үлгі алатынын ұмытпайық! Өзімізді үнемі тәрбиелей жүріп, ұл – қызымызға үлгі болып, қалта телефонының қатерінен сақтайық!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз