Өлең, жыр, ақындар

Студенттер жәрдемақысы көтерілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын және «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына шәкіртақы ұлғайтылды. Бакалаврлардың шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттар үшін 15 пайызға көтерілді. Егер цифрларға аударсақ, бакалавриат шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін өсті.Педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын университет студенттері енді бұрынғы 42 мың теңгенің орнына 50 400 теңге алатын болады.

Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы да айтарлықтай өсті. Енді олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алады.

«Негізі, соңғы екі жылда бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы екі есеге жуық өсті», - деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұл ретте магистранттар, докторанттар мен интерндердің шәкіртақысы ұлғайтылды. Бұрын магистранттар 66 913 теңге алатын болса, қазір олардың ай сайынғы шәкіртақысы 76 950 теңгені құрап отыр. Докторанттардың шәкіртақысы 150 мың теңгеден 172 500 теңгеге, интерндердің шәкіртақысы 47 431 теңгеден 59 289 теңгеге өсті.

«Ағымдағы жылы мұндай қолдау шаралары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылуда», - деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрлігі. - Барлық өзгертулер мен толықтырулар Үкімет қаулысымен ЖОО студенттеріне мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерлемелерін белгілеу қағидаларына енгізілді».

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 қыркүйектен бастап Білім министрлігіне қарасты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілді. Енді мұғалімдер айына кемінде 200 мың теңге алатын болады, деп сендірді ведомство:

«Аға оқытушының жалақысы кемінде 230 мың теңге, доценттікі 260 мың теңге, профессордың жалақысы 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында 400 мың теңге) болуы керек».

Сондай-ақ халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары бір реттік ақшалай сыйлық алатыны да бұрын хабарланған болатын. Алтын медаль иегерлеріне 1500 Мрп,күміс медальға – 1000 Мрп, қола – 500 Мрп мөлшерінде көтермелеу қарастырылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі мәлім етті.

Сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындаған педагог-тәлімгерлерге де бір реттік ақшалай сыйлық беріледі.
Бұл шешім мектеп оқушыларын және студенттерді жақсы оқуға итермелейді деп ойлаймын.

Дильназ Нуржан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар