Өлең, жыр, ақындар

Репейник

Репейник — биіктігі 1 метрге жуық, көп жылдық, шөп тектес есімдік. Сабағын төмен қарап ұйысқаң, қолға қатты тиетін түк басқан. Жапырақтары әр жерінен қауырсын тәрізді тілімделген, жоғарғы жағынан қарағанда жасыл түсті, төменгі жағынан қарағанда жасыл сұр түсті. Жапырақтарының кейбіреулері жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті. Гүлдері ұзынша келген, масақ тәрізді, сабағының жоғарғы жағында шоғырланған. Гүлдері алтындай сары түсті, гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен.

Репейник маусым айынан шілде айына дейін гүлдейді. Тұрғын үйлердің маңайында, бұталардың арасында, ормандардың шетінде өседі. Дәрілік мақсат үшін оның жер бетіндегі бөлігін жинайды. Құрамында илік заттар, эфир майлары, К витамині, пигменттер, ащы заттар, қышқылдар бар. Халық медицинасында бауырдың, өт қалтасының, асқазанның және ішектің ауруларын, сонымен қатар геморрой, ревматизм ауруларын емдеу үшін қолданылады. Оның тұнбасын балмен қосып қақырыққа қан араласып түскенде, бауырдың және өт қалтасының ауруларына байланысты өт жүрмей қалғанда, бүйрекке құм пайда болғанда пайдаланады. Ауыз уылғанда оны шаю үшін қолданылады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Өсімдіктің ұнтақталған 40 грамын 2 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. Балды әркім өзінің қалағанынша қосады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер