Өлең, жыр, ақындар

Менің университетім

Мен Әль-Фараби атындағы Ұлттық Университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде оқимын.

Дәл осы факультетке мен әрқашан түскім келді және болашақта өмірімді мамандығыммен байланыстыруды жоспарлап отырмын.

Менің университетім қаланың басты жоғары оқу орны және әлемдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Бүгінде онда әр түрлі елдерден келген азаматтар және қырық мыңнан астам студенттер оқиды . Мен осы аталған студенттер қатарына кіргеніме қуаныштымын.

ҚазҰУ-Қазақстанның ең көне университеттерінің бірі. Ол 1934 жылы құрылған . Қазір университет құрамында 16-дан астам факультет бар және ақпараттық технологиялар ең жас деп саналады,өйткені ол 2021 жылдан санағанда 3-ақ жыл қызыметін атқарып отыр.

Мен еліміздің ең ірі және беделді жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүргенімді сезінемін бе?Әрине ,иә!Алғаш рет осы жаңа келгенімде көз жеткіздім. Өйткені қалада бірнеше ғимараттары мен зертханалары бар және әр факультетке бөлек жатаханалары берілген. Қысқаша айтқанда осы мекеменің ауқымына таң қалдым.

Кейінірек қыркүйек айында сабаққа келгенде ,мен жаңа әлемді кездестірген сияқты болдым. Көп жылдық жұмысы артында бар профессорлар жас студенттерге білімімен бөліскенін көрдім. Олардың кейбіреулері тіпті ғылым кандидаттарының лауреаттары.

Қазір бірінші курста бізде әлі де көп пәндер бар,бірақ мамандандырылған курстары да бар. Мұндай сабақтарда біз программалаумен танысамыз және кафедра кабинеттерінің керемет техникалық жабдықталуың арқасында мүмкін болатын түрлі қызықты эксперименттерге қатысамыз.

Біздің университетте көптеген ғылыми кітаптар ғана емес,сонымен қатар көркем шығармалар да жинақталған бай кітапхана бар. Сондықтан сессия барысында біз ешқашан мәлімет іздеуден қиналмаймыз деп ойлаймын.

Мен ҚазҰУ-да грант бөлімінде оқығаныма мақтан тұтамын. Бұл жерге түсу мүмкіндігім аз болды,өйткені бүкіл Қазақстан грант конкурсына қатсықан. Бірақ мен осы сынақтардан өтіп грант бөліміне түстім. Яғни ҚазҰУ университетіне түсу мақсатыма сенімді түрде жетуге тырыстым.

Өскенбаев Сұлтан

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар