Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа қонып, тынбай шиқылдай беріпті. Қасындағы құзғын-қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан:
— Қарға тамыр, сен неге үндемейсің, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың? — депті.
Оған қарға айтты дейді:
— Рас, сауысқан мырза, еркін сөзіңе наныңқырамаймын. Саны-сапасы жоқ көп сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады деп білемін, — депті-міс.
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Əсем
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.
*************
Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын
Аруна
Ыбырай Алтынсариннің Қарға мен сауысқан әңгімесі мағыналы екен