Өлең, жыр, ақындар

Жыланжегіш қыран

Жыланжегіш қыран — ірі (салмағы 1-1,5 кг), қанатты жыртқыш. Ол үлкен басы, ашық сары үлкен көздері, ұзын көлденең жолақты құйрығы бар, кішілеу қыранға ұқсас құс. Құрсағы ақ түсті, қанаттарының астыңғы жағы жіңішке көлденең сызықтармен өрнектелген, мойны мен жемсауы қара түсті, ұшқанда жақсы көрінеді. Дауысы мияулаған, бірақ өте сирек естіледі. Жыланжегіш қыран жеңіл ұшады, қалқиды, ал жемтігін көрген кезде, күйкентай сияқты, қанаттарын қағып, ауада тоқтай қалады. Жыландар мен кесірткелермен қоректенеді, оларды өте биікте ұшып жүріп қарайды. Ұсақ сүтқоректілер мен құстарды сирек жейді. Ұясын әдетте ағашқа, кейде жартасқа салады. Мұндай ірі құс үшін — ұясы өте кішкентай. Жалғыз ақ түсті жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп басады, балапандарын да бірге асырайды.

Қазақстанның барлық оңтүстік бөлігіндегі құмды шөлдерде, шөлді таулар мен құрғақ тау бөктерлерін мекендейді. Саны нақты анықталған, бірақ соңғы он жылдықтарда оның кемуі жақсы байқалады. Негізгі себептер: электр тарату жүйелерінің тіректеріндегі өлім-жітім, қасақылардың тікелей қыруы, ұя маңында мазалау факторлары. Қазақсатнның Қызыл кітабына енгізілген.

 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз