Өлең, жыр, ақындар

Жұртшы

Жұртшы — жыртқыш құстар отрядының өкілі. Дене пішіні орташа (қанатының құлашы 150-170 см, салмағы 2 кг), тұмсығының айналасында жалаңаш қызыл терісі бар жыртқыш құс. Ересек жұртшы ақ қауырсынды, тек қанатының ұшында қара жолағы болады, балапандары қоңыр түсті. Жұртшыны кез-келген жасында, ұшып жүргенде жалпақ қанаттары мен ұшына қарай жіңішкеленген құйрығынан білуге болады. Африканың, Оңтүстік Еуропаның және Азияның тауларында кең тараған.

Қазақстанда Тянь-Шань сілемдерін, Үстірт пен Маңқыстаудың құлама жарларын мекендейді. Шөлдегі таулардың құзды-жартасты жерлерін немесе ірі жоталардың құрғақ бөктерін ұнатады. Әр түрлі өлекселермен қоректенеді. Саны аз әрі біраз кеміп келе жатыр. Санының азаю себептері — заңсыз аулау, қақпанға түсуі, қақпан маңындағы уланған жемді жеп алуы. Қаратау мен Іле алқабында қорықтар ұйымдастырып, заңсыз аулаушылармен күресті күшейтіп, сондай-ақ уланған жемдерді пайдалануды шектеу шараларын белгілеу керек.

Оқуға кеңес береміз:

Тотықұс

Ителгі

Жыртқыш құстар

Бүгінге дейін белгісіз болып келген 15 жануар

Әлемдегі ең қатты тістейтін (шағатын) тіршілік иелері

Ерекше түстегі жануарлар

Жануарлар қалай көреді?

Ең кішкентай мен ең үлкендер

Жануарларда интеллект бар ма?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз