Өлең, жыр, ақындар

Дендрарий

Дендрарий, дендрологиялық бақ — өсімдіктерді жүйеленімдік, географиялық, экологиялық, әсемдік, т.б. белгілеріне байланысты өсіретін жер телімі, арнайы бақ. Дендрарийдің (грекше dеndrоn — ағаш) ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және ағартушылық мәні зор. Ауданы көбіне жүз гектарға дейін болады. Дендрарий шет жерлерден әкелінген және жергілікті өсімдіктерден құралады.

Дендрарий өсірудегі негізгі мақсат — ағаш өсімдіктерін жерсіндіру, елді мекендерді көгалдандыру, қорғаушы екпе орман алқаптары мен орман шаруашылығы үшін әрі төзімді, әрі әсем түрлерді сұрыптау, тарату. Жақсы жоспарлап салынған дендрарийдің эстетикалық маңызы зор. Қазіргі уақытта Қазақстанда Есік және Шымкент дендрарийлері жұмыс істейді.

Есік дендрарийі — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәжірибелік-көрсеткіш питомнигі. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан, 1959 жылы ұйымдастырылған. Аумағы 360 га. Ағаш, бұта көшеттерін өсіреді. Ал Шымкент дендрарийі 1979 жылы құрылған. Аумағы 173 га. Ағаш, бұта, әр түрлі гүл көшеттерін өсірумен айналысады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз