Өлең, жыр, ақындар

Бақалтақ қыран

Бақалтақ қыран — біздегі қыранның ішіндегі ең майдасы (қанатының құлашы 135 см, салмағы 600-900 г). Оның бояуы ақшылдан қара түске дейін өзгеріп отырады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан тауларының орманды бөліктерінде тіршілік етеді, жекелеген ұялары Қарқаралыдан белгілі (Қарағанды облысы). Ұяларын ағаштарда, өте сирек құз шоғырларынан кездестіруге болады. Бұл қырандардың ұялау кезеңінің басында ұясына жақын жерде кермет құс ойнағын салады. Сонымен қатар осы кезде бұлар — айғайлағыш, дауысы — әдеттегі қыран шаңқылдауы. Ұясындағы екі, сирек бір жұмыртқасын аналығы басып шығарады. Аталығы осы кезде ұясын қорғап, қорек тасиды. Балапандары ұясын екі айдан кейін тастайды. Құстармен қоректенеді.

Бақалтақ қыран — жыл құсы. Ұялау орынан сәуірден қыркүйекке дейін кездестіруге болады. Соңғы онжылдықта саны азайып кетті, қазір Қазақстан Қызыл кітабы қорғауында.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз