Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - көшбасшы университет!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті іргетасын сонау 1934 жылы Киров атындағы университет болып қалаған еді. Сол кезеңде құрамында тек екі ғана биология және физика-математика факульттері кірген университет бүгінде әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына еніп отыр. Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтерілді. ҚазҰУ әлемдіңк ғылым мен білім айдынында еркін жүзетін көшбасшы университет екенін дәлелдеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-Қазақстан жоғары оқу орындарының Бас рейтингісінің көшбасшысы, ел тарихында тұңғыш рет "сапа саласындағы жетістіктері үшін" Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты. Бұл университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және Еуразиялық университеттер қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірінші болып қол қойды. Болонья университеттерінің Ұлы Хартиясына, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талаптарына сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) сәйкестігіне Халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті және IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесі – ірі әлемдік сертификаттау орталықтарының куәліктерін алды. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне одан әрі ықпалдасуға, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған орасан зор білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-бұл бай дәстүрі, көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесі бар жоғары оқу орны. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – мемлекеттік аттестаттаудан бірінші болып өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растаған Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі. ҚазҰУ менің бала күнгі арманым. Алатаудың баурайында керметтей ғимарттарымен көз тартатын мекенге әрдайым оқысамғой, сол қасиетті мекенде үлкен өмірге аяқ бассам ғой деп армандаушы едім. Шүкір, армандар орындалады.

2016-жылы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің Автоматтандыру және басқару деп аталатын жаңа ғана ашылған, жас мамандығына балмұздақ болып түстім. Сол уақыттар ақпараттық технологиялық бағыттағы мамандықтар математикалық мамандықтардан жеке бөлініп жатқан тұсы болатын. Көп ұзамай-ақ 2017 жылы жеке дара Ақпараттық технологиялық факультеті болып іргетасы қаланды. «Цифрлік Қазақстан –жаңғыруға бастайтын жол» деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, технологиялар қарыштап дамып жатқан уақытта, ҚазҰУ-да осы үдеріске өз үлесін қосуды жөн көрді. Факультетімізде білім алушы түлектерге барлық жағдай жасалған. Компьютерлік кабинеттер, лабораториялар мен осы бағытта өз ісімді ашамын деген жас мамандарға бизнес орталығыда өз қызметін ұсынады. Заманға сай соңғы технологиялармен жабдықталған жерде оқу да, сонымен қатар тәжірибеңді арттыру да ерекше сезім сыйлайды.

Университет бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын іске асыру, студенттердің тәжірибе алмасуы және тағылымдамалар өткізу бойынша әлемнің 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды. Жыл сайын шетелдік оқу орындарында оқимын немесе тәжірибе алмасамын деп ниет білдірген талапкерлер ҚазҰУ кереметтей мүмкіндіктер ұсынады. Және Қазақстанның белді университеттерімен де тығыз байланыс жасап, еліміздің білім-ғылым деңгейін көтеруге күш салуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлі де алар асуы биік, жетер жетістігі орасан университет. Жыл сайын еліміздің мүддесі үшін жұмыс жасайтын мамандарды шығарып отырған асыл орда.

Автор: А.Ж.Жанабекова, ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big DATA кафедрасының 1-курс магистранты. Жетекші: аға оқытушы Уразгалиева Светлана Аманжоловна.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз