Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздігім туыммен тұғырлы, елтаңбаммен еңселі

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
№174 мектеп – гимназиясы 
2 «К» сынып оқушысы Гасырлан Дамира 
Жетекшісі: Салыбаева Маржан Куанышпековна

Қазақстан рәміздері-елдігімнің белгісі, 
Білу керек балаға дейін ең кіші. 
Ән ұран, көк ту, елтаңба,
Рәміздерін жатқа білсін әр кісі. 

Иә, қазіргі таңда балабақша қабырғасынан біздірге тәрбиешілеріміз, кейін  ұстаздарымыз рәміздеріміз туралы ақпараттарды беріп, елімізді, жермізді мақтан етіп, елтаңбамызбен еңсеміздің биік, туымызбен байрақ болғанымызды бақыт тұтуға баулып жатыр. 

Мен Қазақстанның азаматымын. Азияның кіндігінен орын алған, ұлан байтақ жердің иесі, «қазақ» деген ұлы халық перзентімін. Осындай ұлы халықтың көк туы мен елтаңбасы арқылы дүниежүзі «тәуелсіз» ел деп танитын, «Қазақстан» деген мемлекетіміздің үміт артқан болашағымын.  

Тәуелсіздік сөзін алғаш мәңгілікке жадыма түйіп берген бірінші сыныптағы сайыстарым десем де болады. Себебі біздің сыныптағы, тәрбие сағаттары мен мерекелік шараларымыз, сынып оқушылары арасында топтар болып бөлініп атқаруымызды, сынып жетекшіміз бірден қолға алған еді. Біздің топқа «16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні» мерекесін өткізу бұйырды. Сол себептен барлық сайыстарда ұрандатып, жеңіске жетелейтін «Тәуелсіздік арландары» деген атау таңдап алдық. Осы атаудың мағынасын түсіндіріп берген анам мен әкем, кез-келген сайыста атымызға сай, жасаған жұмысымыздың, тәуелсіздігіміз сиқты жарқын, ел сүйерлік болуы керек енедігін айтып берді. Арлан болып жеңіске, биік шыңдарға ғана талпынуым керек екендігін түсінгендей болдым. «Тәуелсіздік арланымын» деп ұрандатып, бірнеше сайыстардан шынымен де алғашқы орындарды алудамыз.    

Ал бүгінде, мен тәуелсіздік деген сөздің мағынасының  қандай тереңде жатқанын түсіндім. Білесізбе, осы бір ғана сөз бейбітшілік, бақыт, достық, сыйластыққа жетелейді. Осындай қасиеттерге толы тәуелсіздігіміздің мәңгілік болып тұруын тілеймін.  Елімнің бейбіт, халқымыздың бақытты, басқа ұлттармен достығымыздың жарасымды, сыйластықта өміріміз  жалғаса берсе деймін. 

Тура 29 жыл бұрын әлем елдерінің тізімінде жаңа мемлекеттің аты жазылды. Қаншама жылдар бойы тәуелсіздікті армандап келе жатқан ата-бабаларымыздың арманы орындалды. Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезде, төл рәміздеріміз де дүниеге келді. Рәміздер жасау бүкіл халықтық сипат алып, көптің ісіне айналды. Мемлкеттік рәміздер белгілі бір елдің өмір-салтын, арман-аңсарын білдіреді. Ата-апаларымның аңсауымен келген осы тәуелсіздікті, мемлекеттік рәміздерімізді биік ұстап, мәңгілік жасауы үшін, мына біздер «еліміздің болашағы» арландай қайсар болуымыз керек. Сол кезде ғана, шыңдары қар басқан таулары, сарқыраған өзендері, мөлдір таза көлдері, шет қиыры жоқ жазық далалары, ұлан ғасыр байлықтары асып жатқан өлке, құтты мекеннің мәртебесі биік, тұғыры жоғары бола бермек деп білемін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Сулушаш

Кууушти

Динара

Өте жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар