Өлең, жыр, ақындар

Мектеп көшбасшылығы - оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру негізі

Қазіргі уақытта Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жүргізіліп жатқан білім мазмұнын жаңартуға негізделген реформаның өзектілігіне келсек, Елбасы жолдауында көрсетілгендей «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс».

Өз ықпалын күшейту үшін директор оқыту мен оқу үдерісінде төмендегі тәсілдер арқылы белсенді роль атқарулары қажет:

— Мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау және эвалюациялау(білім беруді ұйымдастыру, іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және бағалау);
— Тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өзі өткізу және өткізуге жағдай жасау;
— Мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау;
— Ұжымдық жұмыс пен бірлескен оқуды көтермелеу;

Әлемдік тәжірибеде тиімділігі дәлелденген бұл жүйе қазіргі таңда Қазақстандық мектептер үшін өзекті болып отыр. «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз» деп белгілі ұлы ойшыл Сенека Луций айтқандай, мектеп көшбасшысы курсында көшбасшы демократиялық стильді ұстана отырып өзін ғана дамытумен емес, ұжымына да ықпал ету керек, ол сыртқы ортаға әсер етуі, әріптестерін ашық болуға шақыруы керек, топтың әрбір мүшесінің өз тақырыптары, зерттеген мәселелерін ортаға салуға, ұжымның оны талқылауына мүмкіндік береді және оларды әрі қарай үнемі жетелеп, көмектесіп отырса жұмысы нәтижелі болады деп ой түйдім.

Мектеп көшбасшылығы оқытуға байланысты, кәсіби дамудың тиімді тәсілі болып табылады. Мектептің тиімді көшбасшылығы ынтымақтастық, мектеп пен ұжымда, сыныпта өзгеріс енгізуге оң ықпал етеді.

Педагогикалық шеберлік орталығында алған теориялық білімімді практика кезінде өзгерістің бастамасы ретінде жүзеге асыра бастадым. Әлемдік тәжірибенің тиімді тұстары көп екендігіне көз жеткізе бастадық. Атап айтсақ, сындарлы оқыту теориясын мектеп тәжірибесіне енгізудің бастамасы ретінде құрылған «Серпін» желілік қоғамдастығын құру, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау, яғни орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспардың жасалуы, коучинг, тәлімгерлік, Lesson Study үдерісі, кері байланыс, бағалаудың жаңа формалары, іс-әрекетті зерттеу, мониторинг жасау сияқты жұмыстың жаңа формалары мектеп өмірі үшін үлкен жаңалық. Нәтижесінде мұғалімдер 7 модулді ықпалдастыру арқылы орта мерзімді жоспарлауды үйренеді, қысқа мерзімді жоспарлауды сабақта қолдана алатын болады, сабақ жоспары SMART теориясы бойынша шынайы жасалады. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер бұл жоспарлардың тиімді жақтарын әріптестеріне таныстырып, сол жерде топтық жұмыс жасай отырып, жаңа сабақ жоспарын жасауға мұғалімдерге көмек береді, мұғалімдер арасында ынтымақтастық, бірлескен жұмыс оң нәтижесін береді. Соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалады, онда олар бұл жаңалыққа өз көзқарастарын, ұсыныстарын білдіреді, оқу үдерісін жетілдіру мақсатында мұғалімдерге арналған бірнеше коучинг сабақтары өткізіледі. Осы теориялық білімді тәжірибеде ұштастырып, ынталы топ мүшелері сабақтарын өткізуде. Сабақтарға қатысушы мұғалімдер көбейді, себебі, бұрын сабақ талдағанда тек мұғалімнің кемшілігі ғана айтылатын, бірлескен жұмыс өз нәтижесін беретіндей мүмкіндік туды, проблеманы бірге шешу арқылы әріптестердің арасында кәсіби ынтымақтастықтың орныға бастағандығы көріне бастады. Ал оқушыларға келсек, олардың сабаққа деген көзқарастары, сындарлы ойлау дағдылары, оқу үлгірімі оң нәтижесін бере бастады, кері байланыстың өзі оларға өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік беретінін көрсетті, критериалды бағалау арқылы өзара бағалауды үйренді.Осы практика барысында мектепте біраз қозғалыс болып жатыр, жаңалықтың лебі сезілуде, көшбасшы ретінде мұғалімдерді үйрете жүріп, өзім де біраз нәрсені үйреніп, ой елегінен өткіздім. Сонымен қатар, TALIS сауалнамасы арқылы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған семинар, конференция, қысқа мерзімді курстардың мұғалімдер үшін сапасының қаншалықты екендігін анықтауға болады, мектептегі шешуге тиісті қандай проблемаларға назар аударуға болатындығын және оны шешудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, оқушы, мұғалім, ата-ана қажеттілігі басты назарға алынады. Мұның өзі сындарлы оқытудың тиімділігі деп есептеймін. Аз уақыттың ішінде мектепте үлкен өзгерістерге бастама жасалды, Президент жолдауын талқылау барысында мен жолдауда көрсетілген мәселелер бойынша мұғалімдерге қазіргі уақыттағы білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптарды деңгейлік курс тұрғысынан түсіндірдім. Алдағы уақытта жұмысымды одан әрі жетілдіре түсемін, ауқымын кеңейтемін, желілік қауымдастықтың жұмысын одан әрі жетілдіруге ықпал етсем деймін.Осындай жұмыстың жаңа формаларын жүргізу арқылы мектептің оқу-тәрбие үдерісіне оң өзгеріс енгізуге болады деп ойлаймын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз