Өлең, жыр, ақындар

Үш тау

Байырғы заманда үш тау болыпты. Бірінші тау жан-жа­ғындағыны аяп, түсіністікпен қарайтын. Екіншісі — мейір­бан, үшіншісі қатыгез де ашуланшақ болған. Адамдар сол тауларға барып, сыйынатын. Таулар адамдарға мейірімін төгіп, ақыл айтатын.

Бір күні пиғылы арам адам үш тауды бір-бірімен шағыстыруға тырысты. Ол бірінші тауға келіп:

— О, қасиетті тау, сізді екі досыңыз маған жамандады. Олар сізді «шектен асқан мейірбансымақ, бәрін жалған аяғыш әрі өзі кәрі маубас» деп атайды екен. Олар сізге дос емес, — дейді.

Бірінші тау қатты ашуланады.

Ол енді екінші тауға келеді.

— О, мейірімді тау, екі досыңыз сізді маған жамандады. Сізді «жалқау, өтірікші, еріншек, оның айтқандарының бәрі жалған» деді.

Екінші тау да ызаға булығады.

Адам үшінші тауға келеді.

— О, құдіретті тау, сіздің достарыңыз маған сізді жамандады. Сізді «тым қатыгез де ашуланшақ» деді. Олар сізді «малғұн неме» деп балағаттайды. «Ол оңбаған дұрыс сөз де айта алмайды» дейді, —
деп, одан сайын шамына тиеді.

Үшінші тау да қатты ашуға булығады. Сөйтіп, үшеуі төбелеседі. Мейірбан тау екі таудың ортасында тұрғандықтан қатты жәбір­ленеді. Тіпті олардың қатты жұдырықтасқаны соншалық — орта­дағы тау ала-ала болып қалады. Сөйтіп, үшеуі үш жаққа кетеді. Қазір де сол мейірбан таудың түсі ала-ала. Сондықтан да ол Алатау деп аталады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер