Өлең, жыр, ақындар

Әзілбай мен досы

Әзілбай қыстың бір күні қалаға кірсе әйелі қайтыс болған бір досы кездесіп қалыпты.

Бұрыннан көңілдес Әзілбай оның халіне жанашырлық білдіріп, әңгімелесе отырып бұрыштағы кішкене дүкенге еніпті. Түрегеп тұрып жүз грамды ыдыстап алған досына Әзілбай әйел жайын ойластыруды айтыпты. Манағыдай емес ширақылана түскен досы бұл істен үміт барлығын байқатып шешіле түсіп:

— Желағаш гөңшісінде бір адам бар екен, өзі айтысында жиырманың бесіндемін депті. Көк етікті кезікпей көне етіктіге бармай отырып қалған жайы бар көрінеді, соған сөйлесейін деп жүрмін, — депті. Мұны естіген Әзекең қуанышты раймен оны арқаға қағып:

— Көк етікті мен көне етіктінің екеуі болмағанда осы тұрысыңмен барсаң да, ол сөзсіз сенікі, — депті оның аяғындағы пимаға тесіле қарап.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз