Өлең, жыр, ақындар

Қыс келген күні

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 3
  • 40186
Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, қар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,
Асып анау асқар-асқар таулардай,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.
Қыс жетіпті,
Сол баяғы кезіндей,
Қуырып жүр дүниені көз ілмей,
Күн нұрынан еш жылылық сезілмей,
Әйнектенген маскүнемнің көзіндей.
Шуылдаған шау қарғадай жар салып,
Сәбилер жүр кәрі атасын қарсы алып.
Махаббаттан ұмыт қалған ұстаз қыз,
Терезеге қарап отыр тамсанып.
Терезеге қарайды да, тамсанып,
Мұңая ма, қуана ма ән салып?!
Жібір емес терезеге қатқан мұз,
Жылуымен жылытса да қаншалық.
Аттанасың аяқтамай арманды,
(Рас екен жалған десе, жалғанды!)
...Қыз жанарын оқулыңқа аударды,
Шешпек болып көп белгісіз сандарды...



Пікірлер (3)

Мадина Болатовна

Маааа кушти екен

Нұрмұхаммед

мә маған ұнады

Фариза

Мұқағали Мақатаевтың Қыс келген күні өлеңі ұнады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Түсіме қала кірді

  • 0
  • 1

Қала кірді түсіме,
Мүмкін емес жеңуге,
Барлық елі ғаламның жабыла оған төнуде.
Мекені екен Достардың

Толық

Мықтымын ғой дегенмен...

  • 1
  • 3

Мықтымын ғой дегенмен
Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен.
Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен,
Терезеге төнем де Алатауды көрем мен -

Толық

Баспа, мұнар!

  • 1
  • 2

Арылмасын аппақ нұр бастарынан,
Шашпа ызғар,
Күнімді баспа, мұнар!
Кетпе, шуақ,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер