Өлең, жыр, ақындар

Палауды көрмей отырған кім екен?

Етікші бір күні хан сарайына кіріп келсе, уәзірлері оны сөз етіп отыр екен. Әңгімеге етікші де араласып, күлдіргі жайларды көп айтыпты. Риза болған хан оны уәзірлерімен бірге дастарханға шақырыпты. Әлден соң алдарына ас келеді. Етікші асқа бас қояр алдында әдептілік жасап, хан мен уәзірлерге:

— Кәнекей алыңыздар, кәнекей алыңыздар, — деп бір-екі рет қайталапты.

Уәзірдің біреуі тегінде бұны соқыр деп ойлап қалса керек:

— Көрмей отырсың ба сорлы кедей, мінеки-мінеки, — деп оның қолын ыстық палауға сүңгітіп-сүңгітіп жіберіпті.

Қолы шала күйіп қалған етікші ызаланып кетіп, уәзірге:

— Палауды көрмей отырған мен соқыр ма. Әлде, сен соқыр ма, — дегені бар ғой сонда.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз