Өлең, жыр, ақындар

Fashion дегеніміз не? Сән, фешн-Retail, Undustry!

   

Fashion. Жастарды жиі «fashion» деген сөз қызықтырады. Сонымен, фэшн-ағылшын тілінде fashion делінсе, қазақ тілінде " сән " деп аударылады. Ол модельердің жұмысын, сәнді көрсетуді, стильді бейнелерді жасауды білдіретін құрамдас фразалар бөлігі қатарына жатады. 21 ғасырда сән талаптары ерекше. Жазылып қалған бұрынғы жұмыс ережелері әрекет етуді тоқтатады. Трендтер үнемі өзгеріп отырады, сондықтан тез өзгерістерге дайын болу, жаңаға жедел әрекет ету өте маңызды.

Жылан жыл сайын түлейтін болса, сәнді индустрия да сол секілді өзгеріссіз қала алмайтын модификациядан, әр түрлі рөлдерде өзіңді сынап көруден және жаңалыққа ашық болуға дайындықтан тұрады. Мысалы, әйелдер гардеробында ерлер киімі пайда болады, ал көйлектер мен юбкалар танымал болудан қалады.Сәнді образдар жиі көздейтін таңдау : футболкаларға, бомберлерге, свитшоттарға және шалбарлы костюмдерге түседі. Осы жерден фешн психологияны 21 ғасырдың жаңа бір ғылым саласы деп тануға болады. «Шын мәнінде, психология әлі күнге дейін киінуі бойынша индивидтін қандай және кім екенін дөп басып айта алмайды». Психология сондай-ақ бейнелерді жасау құпияларын ашпайды. Ғылым киімді қабылдау және оны түсіну ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Сән мен стиль күнделікті өмірдің маңызды бөлігі болып табылады, және де олар әлеуметтік өзгерістер тудырады, қоғамдағы көңіл-күйге әсер етеді, әр адамның даму мүмкіндіктерін анықтайды. 

                                        

                                                                                               

                    

Соңғы зерттеулерге көз жүгіртетін болсақ, ресми әлемдік талғамға сай алынған киім дерексіз ойлауға оң әсер етеді, қаржылық жағдайдың жақсаруына да ықпалы зор. Осы себепті белгілі бір салада табысқа жетуді қалайтындар киім үлгісін мұқият ойластыруы және жеке гардеробы үшін лайықты дүниелерді таңдау керек.

Ғылым, сондай-ақ брендтер инклюзивтік заттарды ұсынатынын және олар қоғам өмірін жақсартуға қарай бағытталатынын растайды. 

Brand. Әйелдер қауымы гардеробты үнемі жаңартуды жақсы көреді және киім таңдауды танымал әлемдік брендтерден тоқтатады. Неге олай екені әйелдер киімінің брендтерін шығаратын өндірушілер өз өнімдерінің сапасын бақылап, әр маусым сайын жаңа топтамаларын ұсынатынын ескерсек, түсінікті. Әлемнің түкпір-түкпірінде жиналған сәнкой жандар әлемдік брэндтардың жаңарған нұсқасын ғана тұтынып отырады. Нәзік жандылар үшін эксклюзивті киім сапалы, қымбат маталардан тігіледі, ал атақты дизайнерлер қайталанбас фасондар ойлап табады. Дәл осы тұста сұрақ туындайды. Бұлай киінетін жандар логика бойынша қарапайым өмір сүретін, орташа жалақы алатын тұлғалар еместігі анық. Әлемдік брендтер ондаған жылдар бойы өзіне жақсы атау, даңқ пен дәреже қалыптастырды, себебі осы еңбектің нәтижесінде дүниежүзіндегі кино жұлдыздары, шоу-бизнес әртістері тағы басқа санаулы өндірілетін киімді қалаушылар тұтыну үшін. Бүкіл әлем бойынша танымал әйелдер киімінің үздік брендтері: 

Gucci, Chanel, Prada, Dolce&Gabbana, Christian Dior, Versace, Valentino.

 Әрине қазіргі заманда бұл жерлерді қалталары көтермейтін, алайда әдемі, сәнді, сонғы үлгіде киінгілері келетіндер үшін де жағдайлар қарастырылған. Әлемдік атаудағы бутиктерде киінуге мүмкіндігі бола бермейтін қыздар масс-медиа киім өндірушілерінен сәнді жаңартуларды жиі сатып алады. Басты талап-олар сапалы, заманауи және жайлы болуы тиіс. Қолжетімді танымал әйелдер киімінің брендтері:

Mango, Zara, Sela, Froggy, Sisters, Reserved, Morgan, H&M, Colin`s, Kira Plastinina, Savage.

 

Fashion undustry. Fashion-индустрия тек 100 жыл бұрын ғана пайда болды,бірақ осы қысқа уақыт ішінде ол көп және кең бағытта қалыптасты. Оның барлық құрамдастарын атап өту мүмкін емес, себебі олардың саны өте көп. Бұл индустрияға көптеген адамдар, ресурстар, өндірістік қуаттар және т.б. жұмыс істейтін мамандықтар – фотографтар, модельерлер, модельдер, мейкаперлер, жарнамашылар, стилистер, экономистер және, әрине фабрикалар, шеберханалар мен өндіріс жұмысшылары жұмылдырылған. Сәнді киім жасауға қатысатын әрбір буынды штатта орындалған кезеңнің сапасына жауап беретін кәсіпқойлар ғана болуы тиіс. Мұнда тіпті топтамалық киімге тігілген заттаңбалар белгілі бір стандарттар бойынша дайындалады!

Көптеген адамдар фэшн-индустрия тек сәнді киім жасайды деп ойлайды, бірақ олар қателеседі. Өйткені, сән бас киімдер, аксессуарлар, аяқ киім және сөмкелер бар. Егер атақты модельерлер жасаған коллекциялық заттар стиль мен сапаның барлық талаптарын қанағаттандырса, онда сөмкелер, аяқ киімдер, сондай-ақ зергерлік бұйымдар міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. 

                                                     

Mass Media. Бұқаралық ақпарат құралы (қысқартылған "БАҚ", сондай-ақ масс — медиа)-бұқаралық коммуникация мақсатында ауызша, бейнелі және музыкалық ақпаратты жасауды, мерзімді беруді және жаппай тираждауды қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық кешен. Бұл келтірілген ақпарат жалпы масс- медианың ұғымы. Ал ол сән ортасында қалай түсіндіріледі? Яғни сұранысқа ие товарлар. Қолданыс аясын желілер арқылы кеңейтіп алған, қолжетімді бағадағы көпке танымал брендке айналған магазиндер,бутиктер және т.б. Fashion Media  десекте қате болмайды. 

Trend. Бірі түсінсе бірі түсіне бермейтін ұғым ол - Тренд. Әр саланың өзіндік тренді болады. Ең алдымен, бұл ғаламдану деңгейі, яғни белгілі бір қызмет саласына қатысты белгілі бір заңдылықтың әрекет ету уақыты мен өзектілігі. Мәселен, сән үлгісін қарастырайық. Бұл салада тренд соңғы және ең өзекті мәселе болып табылады, ол кезде бір нәрсе пайда болып, тұтынушылар арасында көшбасшылық орынға ие болады.Сәндегі Тренд-сән дамуының өзекті (жақын, қысқа мерзімді) бағыты. Мысалы, дизайнерлер болашақта танымал болуы тиіс нәрсені көрсетеді және арада уақыт өткеннен кейін белгілі бір қорытынды жасауға болады. Яғни уақытша бағыт па немесе үрдіс пе? Өйткені, егер бағыт бірнеше маусым бойы өзекті және сұранысқа ие болса, онда бұл тұрақты үрдіске айналды. Ал, үрдіс танымалдық шыңында және кейінгі жылдары болған кезде, бұл кез-келген сәнді ағымдарға қарамастан, уақытқа берілмейтін " классика " болады. Ол терминді де киіну барысында көп естейміз.

                                             

Фешн төңірегінде әңгіме қозғалған кезде бренд пен трендтің айырмашылығын көбі түсінбей, бірдей деп жатады. Сол себепті мен сіздерге бір ғана мысал келтіремін. Бренд ол белгілі бір атпен белгілі бір дуниені экспорттау. Ол өшпейді, бренд дуниеге келсе, сұранысқа ие болса, ол әрі қарай дамиды. Ал тренд дегеніміз сол заттардың белгілі бір уақыт аралығында , бәрінің бірдей қолданысқа алып келуі. Оның орнын басқа трэнд басады. Олар алма кезек уақыт есебімен өзгеріп отырады. Өзгермей ұзақ мерзімге қалған тренд классикаға айналады.

Енді осыған сүйене отырып осы 2019 жылдың ең үздік деген трендтеріне тоқталамыз. Өткен жылы да , осы жылы да табиғилық өзектілігін жойған жоқ. Яғни артық қоспасы жоқ мейкап, үйдегі шаш үлгісі. Ондай жағдайда макияж жеңіл жағылған,шаштың әрленуі уысқа жиналған , сәл иықтан түсіп тұратын жеңіл бұйра болуы керек. Ал киімге келетін болсақ, бәрі оңай емес. Трендте күрделі және сан түрлі бейнелер. Киімнің жиынтығында өз иесінің әр түрлі жақтарын ашатын түрлі стильдерден жасалған заттар болуы мүмкін. Оған нағыз мысал- кешкі көйлектер мен ұзартылған сарафандармен велосипедтердің бірге киілуі. Мысал ретінде осы күзгі-қысқы маусымның басты трендімен танысайық. 

Сонымен, күзгі-қысқы гардеробқа сәнді және стильді не сатып алуға болады? Бұрынғысынша, көп қабатты, спорттық-қалалық стиль, еркін пішім және ыңғайлылық өзекті болып қалуда. Маусымның сәнді реңктері – дәстүрлі көк, сұр және қоңыр, сондай-ақ ашық сары және жұмбақ күлгін. Оверсайз тақырыбы өз орнында қалады. Оған  көлемді свитерлер, кардигандар, кең пальто және пиджактар жатады. Тағы бір сәнді бағыт-футуризм. Сәнді әйелдер киімін таңдаған кезде жеңіл Шиммер немесе металлик әсері бар қызықты маталардан жасалған бұйымдарға назар аударыңыз. Аяқ киімге келсек төмен өкше таңдаған дұрыс. 2019-да кроссовкалар, әртүрлі стильдегі бәтеңке, ашық түсті ковбой етік трендта. Күнделікті кеңсе бейнесіне стиль беруге болады , ол үшін қызықты аяқ киім  немесе сәнді белдік сөмке түрінде аксессуар. Осылардың біреуі болсын сақталатын болса,жалпы осы сезонның тренды жайлы білетініңді көрсетеді.

                                                                                                                                    

Fashion Retail. Фэшн ритейл стильді заманауи киімді тиімді сатуға байланысты. Бұл адамдардың өмір салты ерекшеліктерін, жеке талғамдарын ескере отырып стильді бейнелер жасауға көмектеседі. Сатушы-стилист келесі қызметтерді көрсетеді:

1.Клиенттің тілектерін ескере отырып, жеке стилді түсініп, заттарды  үйлесіміне қарай таңдау көмегін;

2. Қолда бар заттардың ассортиментіне қарамастан, қолайлы киімді таңдау көмегін;

3. Жаңадан заттар түскен кезде клиентті дүкенге шақыру.

Ритейл-бұл кәсіпкерлік қызмет түрі, ол сауда саласында өтеді және соңғы сатып алушы үшін, өз қажеттіліктері үшін әртүрлі өнімдерді сатуға бағытталған. Терминнің мағынасы француз тілінен келді, онда retail-бұл "ұсақтау"сөзі. Ал ағылшын аналогында, бұл retail trade, егер орыс тіліне аударылса, түсінуге болады. Қазақша  "Ұсақ бизнес" тіркесі . Ритейлер деген кім? Бұл сатып алушы мен өткізуші арасындағы қатынастарды жүзеге асыратын тұлғалар. Біріншісі таңдалған тауар үшін ақша береді, ал екіншісі — оны сатуға міндетті. Мұндай сауданың ауқымы қазір елден және бүкіл әлемнен тыс өлшенеді. Өнімді сатып алушыға беру және бұл үшін материалдық құралдарды алу кәсіпкерлік қызметтің кең таралған түрі болып табылады. Бүкіл әлемдегі бөлшек сауданың мәні баға жетпес. Оның арқасында әрбір адам оған қажет нәрсені сатып ала алады.Магазинге товарды жинап,оны тұтынушыға сату үшінде қолданатын өзіндік тәсілдері бар. Ол біріншіден әдемі, тренд және трендтағы түстер қатарынан алынған киімдер болуы керек. Олай болмаған жағдайда даму жағы сұраққа алынады.

Раntone.Pantone (Пантон) — түрлі өнеркәсіп салалары: баспа, түсті бояулар, мата және пластика, сандық технологиялар, сән, сәулет, интерьер дизайны үшін түс схемалары мен алдыңғы қатарлы технологияларды жеткізуші. Бүкіл әлемде Pantone "дизайнер-өндіруші-сатушы-Сатып алушы" тізбегі бойынша хабарлама беруге көмектесетін түсті тіл болып табылады. Ол әр жылдың түсін жариялап отырады. Барлық фешн ритейлдар осыны басшылыққа ала отырып, жаңа топтамаларын шығарады және тапсырыс беру арқылы өз бизнес ошағын толтырады. Маусымның түстерінде Пантон жаңартады,жариялайды. 

                                               

Сізге келген киім, сіз кигенге дейін қаншама қиындықтардан өтетінін сезетін болсақ, ұнаған киімдеріңізді сонша сүйіспеншілікпен алып, ынтызарлықпен тұтынар едіңіздер!!!

Есенгалиева Дания ( D for Denmark)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз