Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Шешен ойынан жаңылып, сөзін жалғай алмай қиналған кезде бүкіл аудитория өзін ыңғайсыз сезініп, қысылып отырады.

Ілмектер: шешен, аудитория, сезім, ыңғайсыз сезіну Альфред Адлер

Ақиқат əлдебір «шексіз міндет» тəрізді мəңгі еліктіреді де тұрады, бірақ қол жеткізбейді.

Ілмектер: ақиқат, міндет Альфред Адлер

Теңеуге жүгіну — өзіңді де, өзгелерді де алдаудың ең бір тəуір түрі. Теңеуге үйір адам басқаларды дерек пен қисын арқылы иландыруға қабілетсіз келеді.

Ілмектер: теңеу, алдау, қабілет, иландыру Альфред Адлер

Егер дүниедегі ең күшті адамдар кімдер деген сауалға жауап іздер болсақ, алдымен сəбилерді атау қисынды болар еді: олар бағыну дегеннің не екенін білмейді, ал өз биліктерін жүргізбейтін жерлері жоқ.

Ілмектер: күшті адам, дүние, сәби, билік Альфред Адлер

Жалқаулық — шынтуайтына келгенде, қиындықтар мен проблемалық жағдайлардан қорғалақтап қашу.

Ілмектер: жалқаулық, қиындық, проблема Альфред Адлер

Əркім өзінше жасампаздық танытады: түрлі жағдайлар мен мүмкіндіктерден əлдебірдеңе ойлап шығарады.

Ілмектер: жасампаздық, жағдай, мүмкіндік Альфред Адлер

Қай ерке баланы болсын алдында аластатылғандар таланы күтетінін ұмытпаған жөн.

Ілмектер: ерке, бала Альфред Адлер

Сəтті аяқталатын сиқырлы ертегілердің қай-қайсысы болсын — адамзаттың бақытты болашаққа деген үміті ешқашан əлсіреп көрмегендігінің дəлелі.

Ілмектер: ертегі, бақыт, болашақ, үміт Альфред Адлер

Мен өзгеге сырттай екіжүзді әртіспін, іштей шешілмеген жұмбақпын. Сондықтан да мен бәлки жалғызбын, жұпсызбын.

Ілмектер: Адам, әртіс, екіжүзді, жұмбақ, мен, жалғыздық, жұп Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Əлеуметтік прогресс тарихы — адамның жоқшылық пен кемшіліктен арылу жолындағы ортақ қызметінің тарихы.

Ілмектер: әлеуметтік прогресс, тарих ФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФ

Пешенесіне жүз жылғы жалғыздық жазылған адамзат әулетіне екінші қайтара өмірге келуді жазбаған.

Ілмектер: өмір, жалғыздық, адамзат, әулет Габриэль Гарсиа Маркес

Кез-келген бала кер тəрбие алуға бас тігеді.

Ілмектер: бала, тәрбие Альфред Адлер

Өмірдің əр саласы адамның алдына басқа салалардың да мүддесін ескере отырып жүзеге асыруға тиісті міндеттер қояды.

Ілмектер: сала, адам, мүдде, міндет, өмір Альфред Адлер

Адамның шынайы өмір салты қиын жағдайларда анық байқалады.

Ілмектер: адам, өмір салты, қиын жағдай Альфред Адлер

Жеке-жеке алғанда толық құндылыққа жатпайтындықтан əрі əлсіздігінен де адам баласы қауымдасып тіршілік етуге ұмтылады.

Ілмектер: құндылық, әлсіздік, тіршілік Альфред Адлер

Оқшау-оқшау өмір салтымен тіршілік кешіп жатқандықтан, біздің арамызда адам табиғатын жақсы білетіндер кемде-кем.

Ілмектер: оқшаулық, өмір, тіршілік, адам, табиғат Альфред Адлер

Өзіне-өзі қол салу көбіне туған-туысқандары мен достарының жанына жара салу немесе шын əлде жалған жеңіліс үшін кек алу əрекеті болып шығады.

Ілмектер: туысқан, Өз-өзіне қол жұмсау, дос, жеңіліс Альфред Адлер

Өмір адамды өзгерте алмайды — бұлай істеуге адамның көрсеқызарлығы мен даңққұмарлығы мүмкіндік бермейді.

Ілмектер: өмірғ адам, көрсеқызарлық, даңққұмарлық Альфред Адлер

Өмір — тіршілікте кездесуі мүмкін ұстаз біткеннің ең сорақысы.

Ілмектер: өмір, тіршілік, ұстаз Альфред Адлер

Басқалармен аралас-құраластықтың аздығы олардан мүлдем оқшаулануға апарып соғады.

Ілмектер: оқшаулану, араласу Альфред Адлер