Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

«Бір кезде жер бетінде жұмақ орнаған заман болған екен» деген ойды барлық діннен кездестіруге болады.

Ілмектер: жұмақ, заман, дін, ой Альфред Адлер

Біз барлық ашушаң, кекшіл, кесапатшыл тіршілік иелерінің бəрін адамзаттың жаулары мен қоғам жауларының қатарына қосуымыз керек!

Ілмектер: ашу, кек, кесапат, қоғам, жау Альфред Адлер

Қысқа шаш қоюдың сəнге айналуы — бар болғаны əйелдің ер адаммен арасындағы сыртқы айырмашылықтарды жоюға деген тілегінің көрінісі ғана.

Ілмектер: шаш, сән, әйел, еркек Альфред Адлер

Адамдар қиындықты ақылмен жеңеді.

Ілмектер: қиындық, ақыл, жеңу Альфред Адлер

Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ — сондықтан да біздің əрқайсымыз да төңірегімізге танылар психологиялық бейнемізді қолдан əлеміштеуге міндеттіміз деп ойлаймыз.

Ілмектер: жаңылу, психологиялық бейне Альфред Адлер

Өзі таныла алмаған, біреуге күшпен таңылуға тиісті бедел біткеннің бəрі ойдан шығарылған болып шығады.

Ілмектер: танымалдық, бедел, ой Альфред Адлер

Адам өзінің қарапайым міндеттерін орындаудан бас тартқысы келген кезде өз интелектісін зорықтырады.

Ілмектер: міндет, интелект Альфред Адлер

Егер адам жылап алғаннан кейін өзін жеңіл сезінер болса, бұл — оның қалыптасқан жағдайды айыптаушы деңгейіне көтеріле алғандығының белгісі.

Ілмектер: жылау, сезім, айыптаушы Альфред Адлер

Егер біз жазаны қатайта түсер болсақ, қылмыскерді қорқытумен бірге, оның өзінің ерлік жасап жүргендігіне деген сенімін де күшейте түсеміз.

Ілмектер: жаза, қылмыскер, ерлік Альфред Адлер

Шешен ойынан жаңылып, сөзін жалғай алмай қиналған кезде бүкіл аудитория өзін ыңғайсыз сезініп, қысылып отырады.

Ілмектер: шешен, аудитория, сезім, ыңғайсыз сезіну Альфред Адлер

Ақиқат əлдебір «шексіз міндет» тəрізді мəңгі еліктіреді де тұрады, бірақ қол жеткізбейді.

Ілмектер: ақиқат, міндет Альфред Адлер

Теңеуге жүгіну — өзіңді де, өзгелерді де алдаудың ең бір тəуір түрі. Теңеуге үйір адам басқаларды дерек пен қисын арқылы иландыруға қабілетсіз келеді.

Ілмектер: теңеу, алдау, қабілет, иландыру Альфред Адлер

Егер дүниедегі ең күшті адамдар кімдер деген сауалға жауап іздер болсақ, алдымен сəбилерді атау қисынды болар еді: олар бағыну дегеннің не екенін білмейді, ал өз биліктерін жүргізбейтін жерлері жоқ.

Ілмектер: күшті адам, дүние, сәби, билік Альфред Адлер

Жалқаулық — шынтуайтына келгенде, қиындықтар мен проблемалық жағдайлардан қорғалақтап қашу.

Ілмектер: жалқаулық, қиындық, проблема Альфред Адлер

Əркім өзінше жасампаздық танытады: түрлі жағдайлар мен мүмкіндіктерден əлдебірдеңе ойлап шығарады.

Ілмектер: жасампаздық, жағдай, мүмкіндік Альфред Адлер

Қай ерке баланы болсын алдында аластатылғандар таланы күтетінін ұмытпаған жөн.

Ілмектер: ерке, бала Альфред Адлер

Сəтті аяқталатын сиқырлы ертегілердің қай-қайсысы болсын — адамзаттың бақытты болашаққа деген үміті ешқашан əлсіреп көрмегендігінің дəлелі.

Ілмектер: ертегі, бақыт, болашақ, үміт Альфред Адлер

Мен өзгеге сырттай екіжүзді әртіспін, іштей шешілмеген жұмбақпын. Сондықтан да мен бәлки жалғыз шығарм, жұпсыз шығарм.

Ілмектер: Адам, әртіс, екіжүзді, жұмбақ, мен, жалғыздық, жұп Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Əлеуметтік прогресс тарихы — адамның жоқшылық пен кемшіліктен арылу жолындағы ортақ қызметінің тарихы.

Ілмектер: әлеуметтік прогресс, тарих ФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФ

Пешенесіне жүз жылғы жалғыздық жазылған адамзат әулетіне екінші қайтара өмірге келуді жазбаған.

Ілмектер: өмір, жалғыздық, адамзат, әулет Габриэль Гарсиа Маркес