Қазақша жаңылтпаштар жинағы — оңай, қиын, балаларға арналған

Қазақша жаңылтпаштар жинағы

Қазақша жаңылтпаштар — тіл дамытуға, дикцияны жақсартуға, сөзді анық айтуға арналған пайдалы мәтіндер. Бұл бетте балаларға, оқушыларға және үлкендерге арналған оңай жаңылтпаштар, қиын жаңылтпаштар, қысқа жаңылтпаштар және қызықты үлгілер жинақталған.

Мұнда 1 сынып, 2 сынып, 3 сынып, 4 сынып, 5 сынып оқушыларына, балабақшаға, тіл дамыту сабағына арналған қазақша жаңылтпаштарды онлайн оқуға болады.

    Ала-ала алашалар,
    Тамаша олар,
    Оған кім таласа алар.

      Ұлан бұланға құлан құла аңға
      Құнан құлан лаң салды, – деді.

        Бұл ұңғылар бұрғыланылған ба,
        Бұрынғылар бұрғыланылған ба?
        Біл, бұл бірыңғай бұлыңғыр ұңғылар
        Бұрғыланыңқыралмаған екен.

          Інім Қожан тоңазытқыш десем,тозаңытқыш,
          Тозаңытқыш десем, тоңазытқыш дейді.

            Кеңсеге енсе,
            Еңселі кеңсе –
            Кең кеңсе өңшең.

              – Ақ жайманы
              Жаңыл жамылсын ба,
              Жаңылсын жамылсын ба?
              – Жаңылсын жаңылмасын,
              Жаңыл жамылсын.

                Бұл ақ лақ бұлақтан келді,
                Шұнақ лақ қыраттан келді.

                  Саттар, қатпар-қатпар қаптарды қаптар,
                  Баттал, жинап қақтарды қаптар.

                    Бас аспазшыға ас астырайық па,
                    Жас аспазшыға ас астырайық па?

                      Босқа малды араламай,
                      Бала, бар, ала ғой,
                      Тұр қорада қарала қой.

                        Ақтай лақты мақтап па,
                        Ақ тайлақты мақтап па?

                          Айша қанша алша алса,
                          Қайша сонша алша алса екен.

                            Тұржан бір іске кіріссе,
                            Гүлжан, Құлжан бұл іске күлісті.

                              Қамсыздандырылған мал ма,
                              Қамсыздандырылмаған мал ма?

                                Толтырып ақ сазанды,
                                Аспазшы, асты қазанды.

                                  Бал араларға бара алар ма екенбіз,
                                  Балаларға бал ала алар ма екенбіз?

                                    Көп қорқақ торпаққа
                                    Төрт төртбақ торпақ қосылды.

                                      Сары бала
                                      Арбаға мінді.
                                      Арбаға мінген
                                      Сары балаға
                                      «Сарнама!» дедік.

                                        Қара бала
                                        Қарағайды аралайды.
                                        Арасы қарағайды
                                        Аралауға жарамайды.

                                          Атама ұнайтын
                                          Бота ма?
                                          Тайраңдайтын тайлақ па?
                                          Мінгенге жақсы
                                          Інген бе?
                                          Әлде нар ма?
                                          «Нар жолында жүк қалмас»,
                                          Нардан мықты бар ма!

                                          1 сыныптан 5 сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған жаңылтпаштар

                                          Бұл бөлімде 1 сынып, 2 сынып, 3 сынып, 4 сынып және 5 сынып оқушыларына арналған жаңылтпаштар берілген. Жаттауға жеңіл және айтуға ыңғайлы нұсқалар да бар.

                                          Балаларға арналған жаңылтпаштар

                                          Балабақшаға, бастауыш сыныпқа және тіл дамыту сабағына арналған балаларға ыңғайлы жаңылтпаштар осы бетте жинақталған. Балаларға арналған қысқа және түсінікті жаңылтпаштар сөйлеу машығын жақсартуға көмектеседі.

                                          Оңай жаңылтпаштар

                                          Оңай жаңылтпаштар — жаңылтпаш жаттауды енді бастаған балалар мен оқушыларға қолайлы. Олар дыбыстарды анық айтуға және тіл жаттықтыруға көмектеседі.

                                          Қиын жаңылтпаштар

                                          Қиын жаңылтпаштар тіл сындыруға арналған. Олар дикцияны жақсартуға, сөйлеуді ширатып, сөзді анық айтуға үйретеді.

                                          Жаңылтпаштар не үшін керек?

                                          Жаңылтпаштар сөйлеу тілін жаттықтыруға, дыбыстарды анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамытуға және балалардың тіл байлығын арттыруға көмектеседі. Сондықтан жаңылтпаштар балабақшада, мектепте және үйде жиі қолданылады.

                                          Жиі ізделетін жаңылтпаш түрлері

                                          • қазақша жаңылтпаштар
                                          • жаңылтпаштар жинағы
                                          • оңай жаңылтпаштар
                                          • қиын жаңылтпаштар
                                          • қысқа жаңылтпаштар
                                          • балаларға арналған жаңылтпаштар
                                          • 1 сыныпқа арналған жаңылтпаштар
                                          • 2 сыныпқа арналған жаңылтпаштар
                                          • 5 сыныпқа арналған жаңылтпаштар
                                          • р дыбысына жаңылтпаштар
                                          • білім туралы жаңылтпаштар
                                          • денсаулық туралы жаңылтпаштар

                                          Жиі қойылатын сұрақтар

                                          Жаңылтпаш деген не?

                                          Жаңылтпаш — сөздерді тез әрі анық айтуға үйрететін қысқа мәтін.

                                          Қазақша жаңылтпаштарды қайдан оқуға болады?

                                          Бұл бетте қазақша жаңылтпаштардың үлкен жинағын онлайн оқуға болады.

                                          Жаңылтпаштар кімдерге арналған?

                                          Жаңылтпаштар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және қазақ тілін үйренушілерге пайдалы.

                                          Оңай және қиын жаңылтпаштар бар ма?

                                          Иә, бұл бөлімде оңай, қиын, қысқа және балаларға арналған жаңылтпаштар жинақталған.