Өлең, жыр, ақындар

Альфред Адлер

Альфред Адлер (нем. Alfred Adler; 7 ақпан 1870, Вена, Аустрия-Мажарстан - 28 мамыр 1937, Абердин, Шотландия, Ұлыбритания) — Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры.

Адлердің психологиялық тұжырымы Зигмунд Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты. Отбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. Адлер психологиядағы жаңа ағым — жаңафрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. Адлер адам психологияның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеуметтік факторды есепке алмады.


Нақыл сөздері

Қоғамдық өмір адам бойындағы жетіспеушілік сезімін жоюға көмектеседі.

Ілмектер: қоғам, өмір, сезім, жетіспеушілік Альфред Адлер

Жүрек айныр жеккөрушіліктен басқа ешбір сезімді осыншалықты оңай ойдан туғыза алмайсыз.

Ілмектер: жүрек, жеккөрушілік, сезім, ой Альфред Адлер

Осыған дейін ешкім де аяғы аспаннан салбырап түскендей ешбір қателікке ұрынбай, ересектікке топ ете қалған жоқ.

Ілмектер: қателік, ересек Альфред Адлер

Біз кез келген сəбиді «талантты тұлға» деңгейіне көтереміз деп артық мақтана алмаймыз, бірақ «дарынсыз» ересек адам жасап шығара алатындығымызға еш күмəн болмауға тиіс.

Ілмектер: талант, сәби, дарын, ересек, адам, күмән Альфред Адлер

Ешкім де көргенінің бəрін бірдей қалт жібермей жадына құйып ала алмайды.

Ілмектер: жады Альфред Адлер

Адами құштарлықтар мен жеңістер астарында жетіспеушілік жатыр.

Ілмектер: құштарлық, жеңіс, жетіспеушілік Альфред Адлер

Үнемі кіші əрі əлсіз бола беру ешбір балаға ұнамайды.

Ілмектер: бала, әлсіздік, кіші Альфред Адлер

Қиындықты сабырмен жеңе алмау кісіні шыдамсыз етіп жібереді.

Ілмектер: қиындық, сабыр, шыдам, Шыдамсыздық Альфред Адлер

Бүкіл жай-жапсарын білмей тұрып ненің əдейі, ненің қасақана жасалғанын кесіп-пішу мүмкін емес.

Ілмектер: қасақана, әдейі Альфред Адлер

Өзін өзі жақсы білетін жəне өзінің іс-қимылын талдауға қабілетті адам сирек ұшырасады.

Ілмектер: талдау, қабілет, адам, іс-қимыл Альфред Адлер

Іс жүзінде біреуге жол бере қоятын адамды табу қиын: ол — адам табиғатына жат нəрсе.

Ілмектер: жол беру, адам, табиғат Альфред Адлер

Басқаға ықпал етудің тиімділігі ол өз құқықтарының сақталатынына сенімді болған жағдайда арта түседі.

Ілмектер: ықпал, тиімділік, құқық, сенім Альфред Адлер

Басқалармен барлық байланысы шарт үзілген адамды көз алдыңа келтірудің өзі қиын.

Ілмектер: байланыс, адам Альфред Адлер

Көзге шөп салу — кек алумен пара-пар.

Ілмектер: Көзге шөп салу, кек алу Альфред Адлер

Біз маңайымыздағыларға қатысты жиі ағат қадамдар жасаймыз, біздің олар туралы пікірлеріміз де көбіне-көп шындыққа жанаса бермейді.

Ілмектер: пікір, шындық Альфред Адлер

Назар оятудың ең басты шарты — дүниеге деген шынайы жəне терең қызығушылық сезімнің болуы.

Ілмектер: қызығушылық, сезім, дүние Альфред Адлер

Қателеспейтін кісі жоқ, маңызды нəрсе — сол қателерді жоюға болатындығы.

Ілмектер: қателік, батылдық Альфред Адлер

Адамдар кейде қарсы жүріп келіп жатып та — бір-бірімен жүздеспей өте шығады, екеуара сөйлесіп тұрып та — ешкімге арнамай сөйлей береді.

Ілмектер: сөйлеу, адам, жүздесу Альфред Адлер

Өтірік — ақиқатты айтуға батылдық жетпеуімен тікелей байланысты құбылыс.

Ілмектер: өтірік, ақиқат, батылдық, құбылыс Альфред Адлер

«Бір кезде жер бетінде жұмақ орнаған заман болған екен» деген ойды барлық діннен кездестіруге болады.

Ілмектер: жұмақ, заман, дін, ой Альфред Адлер

Қарап көріңіз