Имам Раббани нақыл сөздері мен ойлары

Имам Раббани нақыл сөздері мен ой-толғамдары осы бетте берілген.

Автордың дәйексөздері, қысқаша өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.

Автор туралы

Хазреті Имам Ахмед Раббани Үндістаннан шыққан ең үлкен әулие және ғұлама. 1563 ж Үндістанның Сарханд (Сиһринд, Сирхинд) қаласында туылған. Имам Раббани деген атпен танылған. Раббани – хикмет пен ілім иесі, ілімімен амал еткен, ілімі мен амалы толық, мінсіз және кәміл, кемел ғұлама дегенді білдіреді. Хижри жылсанағымен екінші мың жылдықтың жаңалаушысы болғаны үшін Мужәддиди Әлфи Сани, шариғат пен тасаууфты біріктіргені үшін Сыла есімі берілген. Хазреті Омардың тегінен болғаны үшін және Сарханд қаласынан шыққаны үшін есіміне Фаруқи және Сарханди сөздері қосылып айтылады.

Бөлісу

Telegram | WhatsApp | Facebook | X

Автордың бөлімдері

Нақыл сөздері

Жарияланған материалдар

Әдепті сақтау – зікірден де жоғары тұрады. Әдепсіз адам Хаққа жете алмайды.

«Mәктубат» кітабынан

Ілмектер: мінез, Имам Раббани, Әдеп, әдепсіздік, мінез-құлық, Жақсы мінез, Mektûbat Имам Раббани
WhatsApp Telegram

Парыздардың қасында нәпілдердің ешқандай құны жоқ. Теңіздің қасындағы бір тамшы судай бола алмайды.

Ілмектер: Имам Раббани, парыз, нәпіл, құлшылық, Мәктубат, даналық Имам Раббани
WhatsApp Telegram

Өткінші ләззаттарға, тез бітетін дүниеліктерге алданбау керек.

Ілмектер: өткінші, дүниелік, болмашы, маңыздылық, басымдық, приоритет Имам Раббани
WhatsApp Telegram

Қарызынан бір тиын иесіне қайтару - көп алтын садақа беруден де жақсы.

Ілмектер: қарыз, садақа Имам Раббани
WhatsApp Telegram

Көптеген кіші амалдар ниетпенен өседі, қаншама үлкен амалдар болса ниетпенен кішірейеді.

Ілмектер: ниет, дәйексөз, амал, цитата Имам Раббани
WhatsApp Telegram