Жауапсыз махаббат – Сара Туребекова

Бұл бетте «Жауапсыз махаббат» атты Сара Туребекова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ей махаббат, түсіп сенің торыңа,
Шырмалып мен шыға алмай шырылдап,
Жүдей жүріп, солғын тартып жанарым
Өшіп арман, лаулап тұрған жылдарым
Шуақпенен шұғылалы таңдарым
Түнек толы, қараңғылық қармады
Мұңға толып, көз жанарым жылады
Жан жүрегім тек ішімнен жырлады
Жаным менің бір тыныштық қалады
Ұзақ жолдар үміті жоқ өмірді
Қалап алған секілдімін бір жола
Жету саған қиындау-да екенін
Қайта айналып келмесінде білермін
Сенің жарқын көздеріңмен аппақ ұлпа жүзіңде
Бәрі есте мәңгілікке сақталар
Өкінішті.........
Сен жаралап жүрегімді жылаттың
Сол жаралар ұзақ уақыт таңылар
Уақыт керек жазылуға жүректің
Сол кездерде бәрі келер орнына


Пікірлер (2)

байқоныс

Мына жазбаны ақ өлең дейді ғой деймін, қателеспесем...

Модератор

Авторы өзім деген белгіні, егер өлең сіздің өлеңіңіз болса, белгілейсіз. Бұл белгіні белгілеген уақытта, бұдан төменгі Автор деген ұяшық көрінбей қалады. Автор деген ұяшықты толтыру керек емес.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауапсыз махаббат өлеңінің авторы кім?

Сара Туребекова — осы өлеңнің авторы.

Жауапсыз махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауапсыз махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жауапсыз махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар