Өлең, жыр, ақындар

Қалжыңшыл қылжақпас

  • 13.05.2015
  • 1
  • 1
  • 10878
Жайдары күлдіргіш, қалқам,
Ұятсыз, әдепсіз, салқам.
Күлгенім бір сенің арқаң,
Ыржақта,
қылжақта, әйдә!

Мазақ қыл көрінген жанды,
Өнер қыл қылжақтағанды.
Сөзіңе құмарым қанды,
Жыртақта,
бұлғақта, әйдә!

Жолыққан кісіге соқтық,
Қалжыңға қосып айт боқтық
Осы ғой сәулесі жоқтық,
Сен күлдің,
мен білдім, әйдә!

Ішің у, сыртыңды майла,
Есердің бәрін де жайла.
Күлкімен көздерін байла,
Сенделдің,
жөнделдің, әйдә!

Сөзіңе күлгенді ұна,
Күлмесе жалынып сұра.
Сөйлесең аузыңды бұра,
Жедің боқ,
әбден соқ, әйдә!

Бай өліп, баласы қалса,
Қасына сені ертіп алса.
Қылжақ пен күлкіге салса,
Тамақ тоқ,
қайғы жоқ, әйдә!

Жағасың күлкімен жүріп,
Шығасың ішіне кіріп.
Аласың аузынан жырып,
Бұлтылда,
жылпылда, әйдә!

Маймыл бол есерге сондай,
Арсылда адамға болмай.
Ит болып өтесің оңбай,
Жырқылда,
тырқылда, әйдә!



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Қазақтың жаманы болмас...

  • 1
  • 2

Қазақтың жаманы болмас,
Жаманнан аманы болмас.
Бірігіп іс қылатұғын,
Түзелер заманы болмас.

Толық

Дубровский әңгімесі

  • 1
  • 0

Өлшеусіз көп жасаған дүние кәрі,
Тағы талай жасамақ мұнан да әрі.
Иесінен басқаға мәлім емес,
Қанша тұрмақ, қанша жыл тұрғандары.

Толық

Махаббат пен құмарлық

  • 3
  • 1

Ашылған көз тұра ма бiр зат көрмей,
Миға хабар бермей ме түсi өзгермей.
Әдейiлеп көрейiн демесең де,
Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей?

Толық

Қарап көріңіз