Сен оны – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Сен оны» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен оның - нәзіктігін қадірле,
Аялап өт, жабырқатпай сен оны.
Махаббаттің бесігінде әлдиле,
Қыз жолы бұл - ал жіңішке ені оның.

Сен оны сүйсең егер - ессіз сүй,
Күйдірсе де жалын отты іңкәрлік.
Ынтызарлық бағаласаң жұмақ күй,
Жұп жаздырмас магниттей құштарлық.

Сен оған дәулетің мен күшіңнен
Аямай төк, күлкі сыйла әр шақта.
Гүл сыйлай бер, құлпырып-ақ жүрсін деп.
Ұзасаң да бір сәт, өле құшақта.

Сен онымен серуенде гүл бақта,
Табиғаттың көріктісін сезіндір.
Әр ісіне тамсанғандай жүр мақтап,
Қиындықта демеу болып, төзіп жүр.

Еркелет те, қорға көптің көзінше,
Шаттық сыйла қапияда, себепсіз.
Қызған, жұбат көңілін бір түсірсе.
Сонда ғана ләззәт қайтар есепсіз.

Сен оны жақын ұста жүрекке,
Жан дүниеңмен ұштасады сол таңда.
Айтпай сезер көздеріңнен сыр шертсе,
Серік болар мәңгілікке жортсаң да.
Ержан Қабышұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен оны өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Сен оны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен оны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен оны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар