Өлең, жыр, ақындар

Мезгіл

Көктем келді далаңа,
Еріді мұздар жағада.
Берілген өмір бір көктеу,
Сондықтан оны бағала.

Далаңа сенің жаз келді,
Айнала тегіс мәз болды.
Бірақ ол да уақытша,
Өткізбе босқа әр күнді.

Далаңа сенің келді күз,
Жапырақ талдан семді жүз.
Әр адам бір-бір жапырақ,
Қураймыз солай енді біз.

Далаңа келді қыс сенің,
Ыстық шай болды ішкенің.
Түбінде қарттық жетеді,
Ауызыңда сиреп тістерің.

15.05.18



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анаға хат

  • 0
  • 0

Өткен шақтан кешегі,
Ұмытылмас із көрем.
Иə, Анашым, өмірде,
Қарыздармын сізге мен.

Толық

Гөзел

  • 0
  • 0

Сені ойлаумен өтіп жатыр әрбір кеш.
Саған деген сезімімді жан білмес.
Гөзелім, сен жүрші тек шаттанып,
Аңсап қайтем махаббатты мәңгі өлмес.

Толық

Намаз заман

  • 0
  • 0

Уақыты бұзылып жүр намазымның,
Қаншама рет намазды қаза қылдым.
Тарқағаны осы ма базарымның,
Дүниеге ауғаны назарымның.

Толық

Қарап көріңіз