Зәуреш – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Зәуреш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1833
О, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы туып-өскен жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін деген едім.

Қайыңның жаста көрдім жапырағын.
Құланның жолда көрдім шоқырағын.
Сен қалған отыз ұлдан жалғыз Зәуреш.
Бір уыс бұйырмады-ай топырағың-ай.

Не керек болат пышақ қын болмаса,
Өтірік неге керек шын болмаса.
Төрт бөліп түн ұйқымды келгенімде,
Басыңды бір көтерші тым болмаса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зәуреш өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Зәуреш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зәуреш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зәуреш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері