Өлең, жыр, ақындар

Ең көп сатылған телефондар

Өткен ғасырдың 70-80 жылдары “Болашақта қалтаға салып жүретін телефондар шығады екен, өзіңмен алып жүруге болатын көрінеді” десе, мүмкін еместей көрінетін еді дейді үлкендер. Ал қазір соның барлығы орындалып адам баласын смартфонсыз елестету мүмкін емес жағдайға жетті. Қалта телефондардың даму кезеңі мен жаппай сатылу уақыты 2000 жылдардан белең ала бастады.

Әлем бойынша сатылымның көшін бастап тұрған Nokia 1100 және Nokia 1110, 2003-2005 жылдар аралығында шығарылған. Екі жылда 250 млн дана сатылған. Ал сенсорлы экрандардың арасында сатылым жағынан Apple iPhone 6 және 6 Plus телефондары, алдыңғы қатардан орын алуда. 2014 жылы шыға бастаған бұл телефондар, өз уақытында 222 млн данамен сатылған. Ал ашылып-жабылмалы телефондардан 2004 жылғы Motorola RAZR V3 130 млн рет сатылған. 2006 жылы шыққан слайдер-телефоны Samsung SGH-E250 әлем бойынша 30 млн данамен сатылған.

Әлемдік тізімде 115 телефоннан Samsungтың 37 моделі ең көп сатылған болып табылады. Nokiaның 27 моделі, оның ішінде 4 моделі ең үздік деп танылған.

2022 жылы әлем бойынша 1,35 млрд мобильді телефондар сатылған, Apple 235 млн сатылыммен барлығынан басым түсіп, нарықтың 24,8% құрауда. Жалпы алғанда 1994 жылдан 2018 жылға дейін бүкіл әлем бойынша 19 млрд-тан астам мобильді телефондар сатылған.

Оқуға кеңес береміз:

Ұялы телефон туралы қызықты 7 дерек

Сенсорлық экран қалай жұмыс істейді


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз