Өлең, жыр, ақындар

Жаңылтпаштар

  • 09.09.2019

Гүл-гүл жайнап жер-аспан,
Гүрілдейді сайда өзен,
Гүлжазира жарасқан,
Гүлдерімен қай кезең?


  • 09.09.2019

Гүлжамила – бақташы,
Гүлге толы бақшасы.


  • 09.09.2019

Гауһар жеңін түрінді,
Газға балық қуырды.
Гүлдерге су себелеп,
Газетке де үңілді.


  • 09.09.2019

Біздің ел – күрішті,
Ырысты-күрішті.
Күрішті оруға
Ырысты кірісті.


  • 09.09.2019

Бос шатыр,
Бос жатыр.


  • 09.09.2019

Бақшашы бақша бақса,
Бақшасы сатса ақша.


  • 09.09.2019

Балық көп пе екен,
Халық көп пе екен?!
Халықтың ішінен кім
Балықты сөкті екен?


  • 09.09.2019

Бұл құр емес, бұл – шіл,
Бұл шіл – сұр шіл.


  • 09.09.2019

Бақбақ бақта бар,
Бақа да бақта бар.


  • 09.09.2019

Байғыз – қай құс?
Байғыз – байғұс.
Ұшады жалғыз.


  • 09.09.2019

Бөрте серке қой бастайды,
Қой бастаған серкелер ойқастайды.


  • 09.09.2019

Біл, бұл – тіл,
Бұл – бір ірі піл.


  • 09.09.2019

Бөдене бедеде,
Көбелек көдеде.
Бедені – беде де,
Көдені – көде де.


  • 09.09.2019

– Былтыр
Құлпырды бұл қыр,–
Деді сұр құр.
– Биыл сол қырың – шиыр,–
Деді сиыр.
– Шындық мұның,–
Деді құлын.


  • 09.09.2019

Бір кезде
Бір кезбе,
Тау мен тасты көп кезді.
Бір кезбе,
Бір кезде
Тау текеге кез келді.


  • 09.09.2019

Бұтап, бұтап, бұтақты,
Бұтақты тұтатты.
Тұтатты бұтақты,
Бұтақты тұтатты.


  • 09.09.2019

Бұл сайда
Кәрі ағаш та бар,
Жас ағаш та бар,
Кесіп алсаң
Шоң ағаш та бар,
Ат ағаш та бар.


  • 09.09.2019

Былдыр, былдыр, бүлдіршін,
Бұл бір білгір бүлдіршін,
Білгірлігін білдірсін.


  • 09.09.2019

Берік, Серік,
Өрік теріп
Жеп еді.
Берік, Серік
Жеген өрік
Көк еді.
Ішті,
Тісті
Ауыртқан сол өрікке
Ренжулі Берік те,
Ренжулі Серік те.


  • 09.09.2019

Бізде «бес» ала алатындар да бар,
Ән сала алатындар да бар.
Мал баға алатындар да бар.
Нан соға алатындар да бар.