Эссе және өлең-жыр байқауы

admin

  • Ұпайы: 79338
  • Тіркелген уақыты: 04.02.2015 14:53
  • Соңғы кірген уақыты: 20.09.2019 23:04
  • Аты-жөні:
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 12

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер Әзіл, анекдоттар

Үйлену — өз құқыңды екі есе азайтып, міндетіңді екі есе арттыру деген сөз.

Ілмектер: үйлену, құқық, міндет Артур Шопенгауэр

Қол жеткізе алмайтын істен ертерек бас тарта білу — даналықтың басты белгісі болып қала береді.

Ілмектер: даналық Стефан Цвейг

Ғылым — қоршаған әлемнің барлық құбылыстарын жүйелеу арқылы жинаған адамзат ойының көпғасырлық жұмысы.

Ілмектер: ғылым, әлем, құбылыс, ой Альберт Эйнштейн

Біздің бүгінгі күнде иеленіп отырған орнымыздан, қозғалып бара жатқан бағытымыз маңызды.

Ілмектер: бүгін, орын, қозғалыс, бағыт, маңыздылық Лев Толстой

Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.

Ілмектер: көркем, ой, ұлы, сұлулық Ғабит Мүсірепов

Адамға адам, сөзге сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады.

Ілмектер: адам, сөз, Ғабит Мүсірепов, жарық Ғабит Мүсірепов

Берген — үндемесін, алған — айтсын.

Ілмектер: алғыс, ризашылық Мигель де Сервантес

Рахметі жоққа қызмет көрсетсең — ештеңе етпес, ал оңбағанның қызметін қабылдау — зор бақытсыздық

Ілмектер: рахмет, қызмет, бақытсыздық, оңбаған, алғыс, ризашылық Франсуа де Ларошфуко

Егер жаңа ынталар пайда болмаса, жаңа идеялар да болмайды.

Ілмектер: ынта, идея, стимул, ынталандыру, ынталылық, ынталандырма, түрткі Дункан Уордл

Жоспар жасай беруге немесе әлемдегі ең ғажайып жерді түзуге болады. Бірақ арманды ақиқатқа айналдыру үшін адам қажет.

Ілмектер: жоспар, адам, әрекет Уолт Дисней

Мынау пәнидің жалғандығына көзі жеткен ол (Бейбарыс) дүние шыр көбелек айналып,ең соңғы иек қағар сәтінде: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық екен» десе керек.

Ілмектер: ел, сұлтан Шыңғыс Айтматов

Инабат — ердің азығы
Бақыт пенен дәулеттің
Ұстайтұғын қазығы.

Ілмектер: инабат, бақыт, дәулет Әбубәкір Кердері

Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш — бала сүю.

Ілмектер: өмір, бала, қуаныш Бауыржан Момышұлы

Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.

Ілмектер: бала, тәрбие, ғылым, өнер Мағжан Жұмабаев

Табандылық — батылдық қалқаны.

Ілмектер: табандылық, батылдық Бауыржан Момышұлы

Тәртіп — жеңістің алғашқы нышаны.

Ілмектер: тәртіп, жеңіс Александр Суворов

Достық, ең алдымен — еркіндік.

Ілмектер: достық, еркіндік Асқар Сүлейменов

Ұстаз — ұлағатты есім.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім Константин Ушинский

Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл,
Күндердің күні болғанда
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес.

Ілмектер: қарттық, сыйлау, құрмет Бұқар жырау

Алашқа жатқан алты елдің,
Түпкі атасы Тұраннан.
Жаңылмаңдар қазағым,
Алаш баба ұраннан!

Ілмектер: алаш, ел Қожаберген жырау