Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (6)

Баланың у-шуына жетер дүниеде не бар? Одан өткен сазды әуенді табу мүмкін бе?

Ілмектер: бала, әуен Бауыржан Момышұлы

Бабы мен бағы бұққан тұяқ та бір – ойға суарылмаған әуен мен әуез де бір: нені айту бір пара, қалай айту бір пара, кімге айту, қашан айту бір пара.

Ілмектер: әуен, әуез, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Әр адамның көңiл түбiнде сылдырмақ бар, егер оған тиiп кетсек, адам өзiндегi ең жақсы әуенмен сыңғырлай жөнеледi.

Ілмектер: көңіл, әуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Егер тән ауырса көңілдің күрт түсуі — табиғи құбылыс. Сондықтан алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды.

Ілмектер: тән, ауру, табиғат, саз, әуен, көңіл, сауығу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Сабыр, есеп керек, өмір әуеніне үйлесе білу керек.

Ілмектер: Сабыр, есеп, өмір, әуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Тілімді алсаң, ақындарды ұқ әуелі,
Ұғынықты сонда әр жырдың әуені.

Ілмектер: тіл, ақын, жыр, әуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни