Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (23) Мақал-мәтелдер (53) Ұлағатты сөздер (8)

Қыран құс алар аңын жанарымен іздейді, қанатымен көздейді.

Ілмектер: қыран, көздеу Алмас Алматов

Асқардан биік тау болмас –
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.

Ілмектер: тау, қыран, табиғат, нақыл сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Қыран қартайса, жағалтайға жаутаңдар.

Ілмектер: қыран, жағалтай, қартаю, Өмір Майқы би

Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады.

Ілмектер: мінез, әйел, құбыла, мылтық, қыран, ат, нақыл, афоризм Би-шешендер

Қырандар үндемегенде тотықұстар сөйлейді.

Ілмектер: қыран, құс, тотықұс, сқйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Ақымақ қара қарғаны,
Түлкiге баулып салғалы,
Қыран деп баптау күлкiлi:
Өлiмтiгiн көксеп құлқыны
Қарқылдап қояр бiр күнi.

Ілмектер: ақымақ, қыран, қарға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова

Қыран... Ол өте биікте самғайды, мына күнәлі топыраққа қонғысы да келеді, қонғысы да келмейді. Егер тартылыс заңы болмаса, сол аспанда қала берер ме еді?..

Ілмектер: қыран, топырақ, тартылыс заңы, күнә, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұқағали Мақатаев

Қыран құс желге қарсы ұшқанда ғана биікке самғайды…

Ілмектер: қыран, құс, жетістік, жігер, биік, самғау, мотивация Уинстон Черчилль