Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (30) Жоспарлар (5) Ұлағатты сөздер (8)

Халқымызды пиғылы бұзықтардың қанды құрсауынан құтқару үшiн қаншама бабаларымыздың осы Тәуелсiздiк үшiн қаны төгiлдi. Ендi, мiне, олардың арманы орындалды. Тәуелсiздiк алу бiр басқа да, оны нығайту оңайға түскен жоқ. Экономиканы нықтау, шекараны бекемдеу және халықтың әл-ауқатын көтеру сияқты күрделi мiндеттер алдымызда тұрды. Осының бәрiн жақсыға шешу қолымыздан келдi.

Ілмектер: тәуелсіздік, экономика, халық Нұрсұлтан Назарбаев

Тәуелсiздiк бiзге ең жанды мәселелердi шешуге – Семей ядролық сынақ полигонын жабуға, жан-жақты экономикалық реформаларды жүргiзуге, экономикадағы терең құрылымдық сәйкессiздiктi жоюға, елдiң табиғи ресурстарын халық игiлiгiне жұмыс iстеуге мүмкiндiк туғызды. Тәуелсiздiк дәстүрлi мәдени құндылықтардың ыдырауын тоқтатуға, қазақ тiлiн өркендетуге көмектестi.

Ілмектер: тәуелсіздік, полигон, экономика, қазақ тілі Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның егемен, тәуелсiз мемлекет ретiнде орныққаны айқын болып отыр. Бiз әлемдiк қауымдастыққа абыройлы кiрiгiп, өз айналамызда қолайлы халықаралық ахуал қалыптастыра алдық, әлемнiң жетекшi елдерiмен саяси, экономикалық және мәдени салаларда ынтымақтастықты жолға қоя бiлдiк.

Ілмектер: тәуелсіздік, Қазақстан, егемен, мемлекет, экономика Нұрсұлтан Назарбаев

Экономикалық бостандық болмай өзге бостандық та болмайды.

Ілмектер: бостандық, экономика Маргарет Тэтчер

Нарықтық экономикада барлық нәрсенің құны бар, бірақ ешқайсысының құндылығы жоқ.

Ілмектер: құн, құндылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, экономика Жак-Ив Кусто

Экономикалық қауіпсіздіктің мәселесі, ең алдымен, — ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі.

Ілмектер: экономика, қауіпсіздік, ұлт, мәселе, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Текіскер адам, тағдырлы адам ғана ақиқат əлемінде, ұғымдармен жүйелер дегенді білмейтін таза саяси, əскери жəне экономикалық шешімдер əлемінде өмір сүреді.

Ілмектер: тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақиқат, саясат, әскер, экономика, әлем Освальд Шпенглер

Үкіметтің халық алдындағы міндеті – байлықты бір жүйеге келтіріп әділ бөлу.

Ілмектер: Үкімет, халық, міндет, байлық, экономика, жүйе, әділ Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев