Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (11)

Берместің қолы бермеске бекем келер.

Ілмектер: сараң, сараңдық Иүгінеки Ахмед

Сараң санға қосылмас.

Ілмектер: сараң, сараңдық Махмұд Қашқари

Сараңнан бір тілім нан сұрағанша - аштан өлген жақсы.

Ілмектер: сараң, сараңдық, нан, нақыл, афоризм Құтып

Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.

Ілмектер: парақор, пара, сараң, сараңдық, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майқы би

Бақылдық жүрген жерде
Жомарттық жасап болмайды.

Ілмектер: бақылдық, жомарт, сараңдық, сараң

Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.

Ілмектер: Ашу, байсалдылық, жамандық, жақсылық, сараңдық, жомарттық, өтірік, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Сараң болмау — байлық, шашпа болмау — пайда.

Ілмектер: сараңдық, сараң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, байлық, пайда Цицерон

Жаратылыста:
Сұлулар бұзықтар жолында кетеді,
Билікті алаяқ қолында кетеді.
Байлықты сарандар сауады,
Жауын теңізге жауады.

Ілмектер: сұлу, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сараңдық, жауын, теңіз Үнді даналығы

Дарақы мырзалықтан сарабдал сараңдықтың өзі артық.

Ілмектер: сараңдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Байқадыңыз ба: сараңдар өте ұзақ жасайды. Тегі, олар ажалдың өзінің зəресін ұшыратын болуы керек.

Ілмектер: ажал, сараң, зәре, сараңдық Роберт Вальзер

Сараңдықтың темір құрсауынан жан аямай құтылуға ұмтылған адам ғана өзін табады.

Ілмектер: сараңдық, адам Жорж Батай