Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Ұлағатты сөздер (12)

Рухани жағынан сұлу адамдар — бұлар ең алдымен бақытты адамдар.

Ілмектер: бақыт, рухани, сұлу, адам Василий Сухомлинский

Отаныңнан қанша шақырым ұзақтасаң,
Сонша шақырым рухани жақындай түсесің.

Ілмектер: қадір, Отан, рухани, ұзақ Қадыр Мырза Әли

Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі.

Ілмектер: рухани, халық Сағатхан Әшімбаев

Бала жөнінде әділ және дұрыс пікір айту үшін, оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесіне көшуіміз керек.

Ілмектер: бала, пікір, орта, рухани Николай Пирогов

Жаман кітап — рухани идеямызды бүлдіретін улы дәрі.

Ілмектер: жаман, кітап, рухани, идея, у, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды: А) не біле аламын? Б) не істеуім керек? В) үміт артарым не?

Ілмектер: адам, рухани, ізденіс, сауал, үміт, нақыл Асқар Сүлейменов

Тағы да стиль туралы. Мемлекетке тақырыппен, концепциямен қарсы шығар мүмкіндік қалмағанда — көмекке стиль келеді... Жаңа форма, жаңа стилистика іздеу таза эстетиканың иіріміне сүңгу, рухани пластиканы меңгеру — бұлар өзі бағынбаудың энергиясы.

Ілмектер: стиль, мемлекет, тақырып, концепция, форма, эстетика, рухани, бағынбау, энергия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

Ілмектер: дәуір, тіл, адам, интеллигент, рухани, тәрбие, азамат Мұхтар Әуезов

Бала кезден рухани өсуді бірінші орынға қойдым. Мен үшін адам өмірінің бар мәні — өз қабілетін адал және таза жолмен жетілдіруі.

Ілмектер: рухани, бала, қабілет, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Брюс Ли

Батыс тәрбиесін алған зиялыларымыздың аянышты жері — рухани жақтан өз халқына өгей болып қалуы.

Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, зиялы, рухани, өгей Мұстафа Шоқай

Салың суға кетпесін. Салың ешқашан суға кетпесін. Менің үлкен жетістікке жетуімнің құпиясы ешқашан рухани күйремеу. Біреудің көзінше ешқашан рухани құлама.

Ілмектер: жетістік, құпия, рухани, күйреу, құлау Эрнест Хемингуэй

Барлығымыз болашағымызды жарқын етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шыққымыз келеді. Біз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай қалыптастыруды үйренгіміз келеді. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді басқалардан төмен санасаңыз немесе өмірге сенімділікпен, ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз сіз қазір өмірге наразысыз (өкпе, реніш, кек, наз, кінә, өкініш – жағымсыз сезімдер). Өткен өміріңіз қандай болмасын риза болу, бүгінгі күннен рухани ләззат алу және болашақтағы сізді күтіп тұрған нəтижелерге қанағаттанудан асқан қызықты саяхат жоқ. Шексіз сенімділік жағымсыз сезімдерден толық арылған кезде ғана орнайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болашақ, саяхат, кедергі, сенімсіздік, сенімділік, сезім, Кінәлау, ынта, жігер, Мотивация, эмоция, өткен, бақыт, нәтиже, өкпелеу, ренжу, кек, наз, кінә, өкініш, қызықты, Рух, рухани байлық, рухани, ләззат Нарша Булгакбаев