Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (5)

Пайдасыз мылжың сөзді әркім айтар.

Ілмектер: мылжың, сөз, пайдасыз Міржақып Дулатұлы

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.

Ілмектер: өсиет, асыл, бала, жалқау, мылжың, қыдырман Майқы би

Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз – ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.

Ілмектер: сөз, тіл, Иүгінеки, Есепті сөз, мылжың Иүгінеки Ахмед

Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қалжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.

Ілмектер: жалқау, тілазар, мылжың Майқы би

Мылжың сөзінің тоқетері болмас.

Ілмектер: Мылжың, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы