Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (9) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (21)

Жек көру — қорқақ адамның орындай алмаған кегі.

Ілмектер: жек көру, қорқақ, кек, адам Бернард Шоу

Біреуден кек алмастан бұрын, екі көр қазып қой

Ілмектер: кек Конфуций

Жақсылық - ұмыт, жаңылыс - кек.

Ілмектер: жақсылық, жаңылыс, кек Абай Құнанбайұлы

Кекті тайдыр жолыңнан,
Әділдікті саяла.

Ілмектер: кек, әділдік Махмұд Қашқари

Ер адам кек сақтамайды.

Ілмектер: ер, кек Саиф Сараи

Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін қусайшы!

Ілмектер: ата, кек, бала Махамбет Өтемісұлы

Кектің көзі – Махамбет.

Ілмектер: кек, Махамбет Асқар Сүлейменов

Өшпенділік, ол қорқақтың қорқыныштан кек ұстағаны.

Ілмектер: өшпенділік, кек, қорқыныш Бернард Шоу

Шын жақсының бойында болмас кегі.

Ілмектер: кек Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Әзілде кек, өсекте шек жоқ.

Ілмектер: әзіл, кек, өсек Мұхтар Әуезов

Ақын жүрегіне кек тұрмайды. Кек тұрса, қақ тұрғаны. Қақ тұрған жүрек – тот басқан асыл. Енді одан берекелі үн шықпайды.

Ілмектер: ақын, кек Ғабит Мүсірепов

Біреудің жанын жаралап алудан сақтаныңыз, әйтпесе ол адамның кек алғаннан кейін ғана ашуы тарқауы мүмкін.

Ілмектер: ашу, кек Антуан де Сент-Экзюпери

Жалғыз көпке теңеліп, кегін бір алмас демеңіз.

Ілмектер: жалғыз, кек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Кек алудың ең тиімді тәсілі — ұмыту.

Ілмектер: кек алу, ұмыту, кек Бальтасар Грасиан

Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз да көпке теңеліп,
Бір майданда жолығып,
Кегін бір алмас демеңіз.

Ілмектер: жалғыз, кек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ұмыту — кек алудың тәуiр түрi, ол дұшпаныңның қимылы түкке арзымайтынын дәлелдейдi.

Ілмектер: Ұмыту, кек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дұшпан Бальтасар Грасиан

Барлығымыз болашағымызды жарқын етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шыққымыз келеді. Біз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай қалыптастыруды үйренгіміз келеді. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді басқалардан төмен санасаңыз немесе өмірге сенімділікпен, ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз сіз қазір өмірге наразысыз (өкпе, реніш, кек, наз, кінә, өкініш – жағымсыз сезімдер). Өткен өміріңіз қандай болмасын риза болу, бүгінгі күннен рухани ләззат алу және болашақтағы сізді күтіп тұрған нəтижелерге қанағаттанудан асқан қызықты саяхат жоқ. Шексіз сенімділік жағымсыз сезімдерден толық арылған кезде ғана орнайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болашақ, саяхат, кедергі, сенімсіздік, сенімділік, сезім, Кінәлау, ынта, жігер, Мотивация, эмоция, өткен, бақыт, нәтиже, өкпелеу, ренжу, кек, наз, кінә, өкініш, қызықты, Рух, рухани байлық, рухани, ләззат Нарша Булгакбаев

Сындырмай кек болатты ие білген... Ұлпандай адам қайда...

Ілмектер: кек, болат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Жаза, бері салғанда жартылай, кек алу фактісі күйінде қалып отыр.

Ілмектер: жаза, кек, факт Эмиль Дюркгейм