Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (12)

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

Ілмектер: борыш, адамшылық Ахмет Байтұрсынұлы

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау.

Ілмектер: адамгершілік, борыш, адам Міржақып Дулатұлы

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.

Ілмектер: қонақ, достық, қонақжайлық, үй, борыш Тоқсары

Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш.

Ілмектер: бала, тәрбие, еңбек, борыш Федор Достоевский

Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін түзетуге керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардың мойындарына артылған зор борыш.

Ілмектер: ақын, өнер, борыш, тіл Халел Досмұхамедұлы

Мен үшін ақша — орындалған борыштың жетістігі.

Ілмектер: ақша, борыш, жетістік Рэй Крок

Бақытсыздықта борышына адал болу — ұлы iс.

Ілмектер: Бақытсыздық, борыш, адал, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит

Хан борышы – жорықта ту көтеру.
Сарбаз борышы – туға еріп жан беру.

Ілмектер: борыш, хан, сарбаз, ту Майқы би

Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта, солдаттық борышыңа адал бол.

Ілмектер: әскер, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, солдат, борыш Бауыржан Момышұлы

Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей.

Ілмектер: Жауынгер, борыш, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.

Ілмектер: адам, жетістік, борыш Нельсон Мандела

Адамдар! Адамгершілік етіңдерші! Ол сіздердің басты борыштарың.

Ілмектер: Адамгершілік, борыш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жан-Жак Руссо