Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (16)

Батырлықты ұятсыздықпен және алаңғасарлықпен шатастырмау қажет.

Ілмектер: батырлық, ұят Жан-Жак Руссо

Тереңдігі - теңіздей, қайраты - қара өгіздей.

Ілмектер: батырлық, ерлік, қайрат Базар Оңдасұлы

Барлық бәлекет қаһарман жүрекке соғылып тас-талқаны шығады.

Ілмектер: ерлік, батырлық, қаһарман Мигель де Сервантес

Ел қамын жеген ер - басшы.
Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені.

Ілмектер: батырлық, ерлік, ел, ер Тоныкөк

Пәтуәсіз ер - елге сор.

Ілмектер: ер, батырлық, ерлік Тоныкөк

Ерлігі бар - елге жағар.

Ілмектер: ел, батырлық, ерлік Тоқсары

Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға.
Хас үлектен туған кәтепті,
Қара нар керек біздің бұл іске.

Ілмектер: батырлық, ерлік Махамбет Өтемісұлы

Батырлық – тәуекел мен адалдық есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

Ілмектер: батырлық, тәуекел, адалдық, ақыл Бауыржан Момышұлы

Кісі өлтірген, батырлық, ұрлық-қарлық — кітапта мұның бәрін дейді бұзық.

Ілмектер: батырлық, ұрлық-қарлық, кітап, бұзық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

Ілмектер: Батырлық, тәуекел, ақыл, есеп, ақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұрыс жалған батырлықтың бет пердесін сыпырып тастайды.

Ілмектер: ұрыс, батырлық, жалған, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ерлік тек батырлық қылықтар үшін ғана емес, сонымен бірге өнімді іс-әрекеттер мен ой толғау үшін де қажет.

Ілмектер: ерлік, батырлық, іс, ой Адольф Дистервег

Телегей теңіз қан төккен батырлықтан гөрі жалғыз тамшы көз жасын құрғатқан батырлық анағұрлым артық.

Ілмектер: батырлық, ерлік Джордж Байрон

Командир көзсіздік жасап батылдық, батырлық, табандылық көрсетпей, есті бола алмаса керек.

Ілмектер: Командир, батылдық, батырлық, табандылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Осы күнге дейін батырлық та, ерлік те, сұлулық та, ақылдылық та хан тұқымында деп келдік... Олар қара қазақтың бойына жараспайтын сияқтанып келді, сол ескі әдетпен кете беретініміз әлі бар...

Ілмектер: батырлық, ерлік, сұлулық, ақыл, хан, тұқым, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда,
Қарашасын жалмаса?
Молдалықтан не пайда,
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса?

Ілмектер: шариғат, батырлық, пайда, нақыл, афоризм Төле би Әлібекұлы