Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (24) Ұлағатты сөздер (13)

Бiз құл болып тұра алмаймыз. Бiз ұлт азаттығымызды аламыз.

Ілмектер: құл, азаттық Мұстафа Шоқай

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет

Ілмектер: халық, кемел, азаттық, білім Шоқан Уәлиханов

Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.

Ілмектер: тәуелсіздік, қазақ, азаттық, тәуекел Нұрсұлтан Назарбаев

Тәуекелi тұратындардың ғана қолы жетпесе Тәуелсiздiк бола ма? Азаппен, арпалыспен келмесе Азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе оның қадiрi бола ма? Қадiрi жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?

Ілмектер: тәуелсіздік, тәуекел, азаттық, қадір Нұрсұлтан Назарбаев

Шынын айту керек, азаттық жолы – кедiр-бұдыр, Тәуелсiздiк соқпағы – соқтықпалы. Қиындық көп. Алынар асулар да ауыр. Ынтымағымызды ыдыратпай, бiрлiгiмiздi божыратпай жұмыла бiрiксек, ауыр жүгiмiздiң жеңiлдерi анық.
Бұл сөздерiмдi мен ең әуелi өз халқыма – қазақтарға, қала бердi күллi қазақстандықтарға арнап отырмын.
Мен елге сенемiн. Елiм де маған сенедi деп ойлаймын… Өйткенi сөзiмiз – адал, iсiмiз – ақ.

Ілмектер: тәуелсіздік, ынтымақ, ел, азаттық Нұрсұлтан Назарбаев

Жалғыз адам бүкіл елді азат ете алмайды. Жұмыла қимылдағанда ғана азаттыққа жетуге болады.

Ілмектер: ел, азаттық, адам Нельсон Мандела

Мен ешқашан дербес сыйлық туралы ойлаған емеспін. Сыйлық жеңіп алудан үміттенген адам азаттықтың күрескері бола алмайды.

Ілмектер: сыйлық, үміт, азаттық Нельсон Мандела

Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!

Ілмектер: азаттық, тәуелсіздік, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Қазақ деген ел — бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.

Ілмектер: Қазақ, ел, бостандық, азаттық Ғабит Мүсірепов

Бесік болып тербеген,
Алтын қанат азат күн!

Ілмектер: бесік, алтын, азаттық, азат, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шона Смаханұлы

Қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кiсенiнен азат болмаған ел ешуақытта да азаттық ала алмайды. Сондықтан отаршылдықтың халыққа қарсы қолданатын ең үлкен қаруы - қараңғылық пен сол қараңғылық кiндiгiн кескен надандық деп бiлiңiз. Шен мен шекпен қуған бiлiмдi бола ма? Ондай жан өзiнен басқа өзгенiң де қамын жей ала ма? Өзгеге нұры түспейтiн, шапағаты тимейтiн бiлiмнiң керегi бар ма?

Ілмектер: Қараңғылық, надандық, азаттық, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, білім, шапағат Абай Құнанбайұлы

Арпалыспен келмесе, шынайы азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?

Ілмектер: азаттық, қадір, Қолдағының қадірі Нұрсұлтан Назарбаев