Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (175) Ұлағатты сөздер (106) Әзіл, анекдоттар (1)

Біреудің бойынан кемшілік іздеме - өнер ізде.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм Құтып

Мылтық - оқудан соңғы өнер.

Ілмектер: өнер, оқу, білім, нақыл, афоризм Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Шын мәніндегі сұлу поэзияда өнердің басқа салаларының да элементтері қойындасып жүреді.

Ілмектер: өнер, поэзия, нақыл, афоризм Сағатхан Әшімбаев

Өнер тағына рұқсатсыз отырар болар.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Бір өнер қылған екі кісіге тар жер - екі өнер қылған екі кісіге кең болады.

Ілмектер: өнер, кең, тар, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Үлкен өнердің - үлкен, таза мінезі болуға керек.

Ілмектер: өнер, мінез, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Көптен қалмау - көкке самғау емес. Әсіресе, өнерде.

Ілмектер: өнер, қазақ, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.

Ілмектер: оқу, өнер, жұрт, ел Әлихан Бөкейханов

Әскери өнердің құпиясы: керек уақытта керек жерде жауыңнан мықты бола білу.

Ілмектер: әскер, өнер, уақыт, жау, құпия Наполеон Бонапарт

Өнер туындысы - өмірді түсінудің кілті.

Ілмектер: өнер, өмір, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Театр - күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер.

Ілмектер: театр, өнер, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Өнер біткеннің бәрі бірдей – бір адамның құшағына сыймайды.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Өнер біткеннің барлығы сияқты, тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, тәрбие Аристотель

Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.

Ілмектер: өнер, ақыл, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал.

Ілмектер: өнер, өнеге, ақыл, тәрбие, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.

Ілмектер: өнер, мәдениет, рахат, нақыл, афоризм Антон Чехов

Өнерде шəкірттік сезімін ұмытқан адам – ұстаз да бола алмайды.

Ілмектер: өнер, шәкірт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбіш Кекілбаев

Өнердегі ең жоғары саты – қарапайымдылық.

Ілмектер: қарапайымдылық, өнер, саты, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі.

Ілмектер: театр, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Әуезов

Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді — көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен дидарласасың.

Ілмектер: көркем өнер, ғылым, кітап, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький