Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (11)

Сен туралы не ойласа да, сен әділетті деп санайтын ісіңді жасай бер.

Ілмектер: Әділет, ойлау Пифагор

Әділет тілесе – атамның да айыбын айтам.

Ілмектер: әділет, айып Мұхтар Әуезов

Әділетсіздікке бейтарап болу мүмкін емес. Әділетсіздікпен не күреседі, не серіктес болады.

Ілмектер: әділет, күрес Альбер Камю

Ақын ғаріп емес пе,
Байды өтірік мақтаса.
Заман ғаріп емес пе,
Әділеттен аттаса.

Ілмектер: бай, заман, әділет, тағлым Жамбыл Жабаев

Бәрі де уақытша немесе әділетті.

Ілмектер: әділет, уақытша Сергей Довлатов

Шенеунік ісін қылмаңыз - әділет жолын таңдаңыз.

Ілмектер: әділет, адамгершілік Шәкәрім Құдайбердіұлы

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.

Ілмектер: оқытушы, мұғалім, ұстаз, адамгершілік, әділет Спандияр Көбеев

Заманның көз сал халіне.
Халқыңның ойла пайдасын,
Өзің үшін налыма...
Басыңды тік бәйгеге,
Бір халқыңның қамына...
Қиянаттан бой тартып,
Шық әділет жағына.

Ілмектер: әділет, халық, заман, пайда, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Қара қылды қақ жарған әділді айт.

Ілмектер: әділет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.

Ілмектер: Мейірім, ынсап, әділет, адал, еңбек, жүрек, татулық, дос өмір, қасиет Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек

Ілмектер: адал, әділет, Шыншылдық, мұғалім, сабақ, пән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Ушинский