Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (16) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (11)

Темекіні тастау ең оңай іс, өз басым 30 рет тастаған шығармын

Ілмектер: темекі, Әдет Марк Твен

Бірнәрсені енді жасамаймын деп уәде берсем болды, сол нәрсені жасағым келеді де тұрады

Ілмектер: әдет Марк Твен

Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр.

Ілмектер: әдет, құрмет, әдебиет Мұхтар Әуезов

Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,
Әдетің - мінезіңе айналады.
Мінезің - сенің тағдырың.

Ілмектер: сөз, әдет, мінез, тағдыр Шәкәрім Құдайбердіұлы

Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.

Ілмектер: нәпсі, өзімшілдік, мақтаншақтық, әдет, жаман Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды.

Ілмектер: бала, әдет Жүсіпбек Аймауытов

Адам мінезі деп – мен оның моральдық әдеттерінің жиынтығын айтамын.

Ілмектер: мінез, әдет, мораль Стендаль Фредерик

Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.

Ілмектер: кітап, ұстаз, жастар, әдет, өмір, білім Серке Қожамқұлов

Әдет – екінші натура, ол бізге біріншіні тануға кедергі жасайды, біріншіде зұлымдық та, қуаныш та бар, ол екіншіге жат.

Ілмектер: әдет, натура, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марсель Пруст

Жақсы заңың болғанша, жақсы әдет-ғұрпың болсын.

Ілмектер: Заң, Әдет, ғұрп, Қоғам Пифагор

Әдеттегідей дәруменімді қабылдаймын, үнемі бір музыка ойнап тұрады, мен бәз-баяғы орнымда, қағаз да әрдайым сол жерде... осындай біртектес, күнделікті іс-әрекеттердің жиынтығының мақсаты біреу-ақ — ол миға қазір бір дүниені ойлап, шығаратынын хабарлау.

Ілмектер: жұмыс, Әдет, жүйелілік, жүйе, тәртіп Стивен Кинг