Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (85) Ұлағатты сөздер (56)

Қорқақтық пен әлсіздіктен туындайтын өтіріктерден қатты ұялам.

Ілмектер: қорқақтық, әлсіздік, өтірік, ұят Александр Куприн

Егер адам мені бірінші рет алдап тұрса, ол менен ұялу керек. Ал егер ол мені екінші рет алдаса, мен одан ұялуым керек.

Ілмектер: ұят, алдау Стивен Кинг

Ұяла алмаған - тірі өлік.

Ілмектер: ұят Асқар Сүлейменов

Ұяты бармен-ұрыс,
Ұятсызбен-ұстаспа.

Ілмектер: Ұят, дәйексөз Махмұд Қашқари

Әр сөздің өз ұяты бар.

Ілмектер: сөз, ұят Асқар Сүлейменов

Жақсы адам иттің алдында да ұятты сезінеді.

Ілмектер: ұят, адам, ит Антон Чехов

Жеңілістің өзінен де ұяты жаман.

Ілмектер: ұят, намыс, ар, жеңіліс Тоныкөк

Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды.

Ілмектер: ұят, ар, құс Махамбет Өтемісұлы

Кәрілік қалдырады ұятқа.

Ілмектер: кәрілік, ұят Шал Құлекеұлы

Шынайы мақтаныш өте ұяң да, адамдардың айыптауынан қорқады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық, ұят Николай Шелгунов

Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет біліп қой.

Ілмектер: ынсап, ұят, ой, зейнет Абай Құнанбайұлы

Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет.

Ілмектер: ұят, адамгершілік, қасиет Чарльз Дарвин

Қонтайдың қалжыңы: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесе болмас».

Ілмектер: ұят Мұхтар Әуезов

Бір аяқ сусын екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан — тауып бермеген өледі.

Ілмектер: құн, ұят, су Сырым Датұлы

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасына қуса игі!

Ілмектер: ата, ұл, ұят, жау Төле би Әлібекұлы

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.

Ілмектер: Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, ой, ғылым, өтірік, өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Сұраған ұят емес, бiлмеген ұят.

Ілмектер: ұят, сұрау, білмеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұзафар Әлімбаев

Ұят пен қорқақтық шын мәнiнде бiр ғана нәрселер… «Ұят» — қорқақтықтың ресми атауы…

Ілмектер: ұят, қорқақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд

Өлімнен ұят күшті

Ілмектер: ұят, Орхон Орхон жазу ескерткіші

Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

Ілмектер: құдай, қорқу, пенде, ұят, бала, оқу, білім, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы