Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (13) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (7)

Адам өмірі - қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбилеген ұтады екен.

Ілмектер: өмір, адам, дос, ұрпақ, тәрбие Қорқыт ата

Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…

Ілмектер: ана тілі, тіл, қазына, ұрпақ Жүсіпбек Аймауытов

Ақыр соңында, шешімді бәрібір ересектер қабылдайды, жастар емес. Алайда сол жастар ертеңгі күні ересекке айналып, оларға да шешім шығаратын күн туады да, олар әлгі шешімдерге назар аударады. Міне сол кезде олар алдыңғы ересек ұрпақты дұрыс шешім қабылдағаны үшін мақтан тұтатындай болуы тиіс.

Ілмектер: шешім, жастар, ересек, болашақ, ұрпақ, мақтану Ли Куан Ю

Көзі қысық, тісі қисық жаудан гөрі, көзі шегір, өзі жемір жаудан ұрпағым көп қорлық көретін болады

Ілмектер: жау, ұрпақ Майқы би

Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп - осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал».

Ілмектер: қоғам, болашақ, дәстүр, ұрпақ, мектеп, мақсат, нақыл, афоризм Джон Дьюи

Кітап — заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.

Ілмектер: ой, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазына, ұрпақ Фрэнсис Бэкон

Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады.

Ілмектер: кітап, ұрпақ, рухани өсиет Александр Герцен