Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (12)

Иір бұтақты емен шынар болуға құмар болмайды.

Ілмектер: емен, бұтақ, Құмарлық Бауыржан Момышұлы

Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.

Ілмектер: әйел, адалдық, еркек, Құмарлық Әзілхан Нұршайықов

Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді

Ілмектер: махаббат, құмарлық, сенімділік, жастар Цицерон

Ақшаға деген құмарлық — бар жауыздықтың тамыры (Кедей әке),
Бар жауыздықтың тамыры — ақшаның тапшылығы (Бай әке).

Ілмектер: ақша, құмарлық, жауыздық Роберт Кийосаки

Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.

Ілмектер: еркек, әйел, бұзу, құмарлық Бауыржан Момышұлы

Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан,
Оны қуып несіне адам құмартқан?!

Ілмектер: өмір, адам, құмарлық Жүсіп Баласағұни

Адам баласының жүрегінде құмарлық атаулы толассыз алмасып жатады, құмарлықтың бірі өшсе, бірі бас көтере бастайды.

Ілмектер: адам, құмарлық Франсуа де Ларошфуко

Құмарлық көп ретте ақылдыны ақымаққа айналдырады. Ақымақтарға ақыл салатын кезі де аз емес.

Ілмектер: құмарлық, ақыл, ақымақ Франсуа де Ларошфуко

Құмарлыққа әділетсіздік пен пайдакүнемдік сондай тән, сондықтан оған сену қауіпті, тіпті ақылға сыйымды болып тұрса да сақтанған абзал.

Ілмектер: құмарлық, әділетсіздік, пайдакүнемдік, ақыл, сақтық Франсуа де Ларошфуко

Бизнес – үлкен құмарлықпен аз ғана ережеден тұратын, өте қызық ойын.

Ілмектер: бизнес, құмарлық, ереже, ойын Билл Гейтс

Біз өз құмарлықтарымызды ізгілік пен жақсылықтың пердесімен қанша бүркемелеуге тырыссақ та, ол бәрібір шымылдықтың ар жағынан көрініп тұрады.

Ілмектер: құмарлық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Адамдар барып тұрған күнәһар құмарлықтарымен жиі мақтанады, бірақ ұяңда жасқаншақ құмарлық - күншілдікті ешкімнің мойындауға дәрмені жетпейді.

Ілмектер: құмарлық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко